Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет25/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Протопласт. Цитоплазма мембраналардан тұратын клетканың құрамды бөлігі. Оның құрылысын жұқа (4-10 нм), біршама тығыз белоктардан және фосфолипидтерден тұратын биологиялық мембраналар түзеді. Биологиялық мембраналардың негізін липидтер құрайды. Липидтердің молекулалары белгілі бір жүйеде орналасқан, яғни клетканың қабықшасына екі қабат болып перпендикуляр орналасқан.
Әдетте оның сумен тығыз қарым - қатнасты болатын бөліктері клетканың сыртына қарай бағытталған, ал сумен нашар қарым - қатынаста болатын бөліктері керісінше оның ішіне қарай бағытталған.
Липидтен тұратын тректің (каркастың) екі жағынан бірдей белоктың молекулалары тұтас қабат түзбей орналасады. Олардың бір бөлігі липидтік қабатқа еніп тұрады, ал екінші біреулері осы қабатты тікелей жарып өтіп судың өтуіне мүмкіндік беретін участок түзеді. Мембраналар цитоплазманың шекарасын бөлетін қабат түзеді, сонымен бірге оның органелдерінің сыртқы шекарасын да бөліп тұрады және олардың ішкі құрылыстарының структурасын түзуге де қатысады. Мембраналар цитоплазманы бір мезгілде бір-біріне байланыссыз қарама - қарсы бағытта биохимиялық процестер жүретін жеке бөліктерге (отсектерге) бөледі (мысалы, синтезделуі және ыдырауы жүретін).
Биологиялық мембраналардың негізгі қасиеттерінің бірі сұрыптап өткізгіштігі (жартылай өткізгіштігі). Бір заттар олар арқылы нашар өтеді, ал екінші біреулері жақсы өтеді. Тіптен олардың концентрациясы көтеріледі. Сондықтанда мембраналар цитоплазманың химиялық құрамын айқындайды.
Плазмалемма және тонопласт. Плазмалемма цитоплазманы клетканың қабықшасынан бөліп тұратын мембрана. Ол әдетте клетка қабықшасына тығыз жабысып тұрады. Кейде плазмалемма түкті болып келеді, немесе терең қатпарлар түзеді. Плазмалемма клетканың сыртқы ортамен зат алмасуын реттейді, сонымен бірге заттардың синтезделуіне қатысады.
Тонопласт цитоплазманы вакуольден бөліп тұрады. Оның атқаратын қызметі плазмалеммамен бірдей.
Гиалоплазма. Гиалоплазма каллоидтық ерітінді түріндегі тұтас сұйықтық, оның ішінде органелдер болады. Гиалоплазмада ферменттер және нуклеин қышқылдары болады. Гиалоплазма белсенді (активті) түрде қозғалуға қабілетті. Егер клетканың ортасында бір ғана вакуоль болса, онда гиалоплазма клетка қабықшасының ұзына бойымен бір бағытта айналып қозғалады. Ал вакуольдер бірнешеу болса онда гиалоплазма орталық вакуольді кесіп өтетін цитоплазманың сілемдерінің бойымен әртүрлі бағытта шашырап (струичатый) қозғалады. Гиалоплазманың қозғалу жылдамдығы температураға, жарықтың қарқындылығына, оттегімен қамтамасыз етілуіне және басқа да факторларға байланысты болады. Қозғалған кезде гиалоплазма өзімен бірге органелдерді қозғалысқа келтіреді.
Гиалоплазманың атқаратын қызметі үлкен: ол органелдердің өзара қатынасын қамтамасыз етеді, зат алмасуға, клеткадағы заттарды тасымалдауға қатысады, тітіркенуді сездіреді және тағы басқалар.
Эндоплазматикалық ретикулум (эндоплазматикалық тор). Ол мембраналармен қоршалған, бір-бірімен байланысқан субмикроско-пиялық каналдар мен цистерналар-дың системасы. Ретикулумның (тордың) екі формасы болады - гранулярлы (кедір - бұдырлы) және агранулярлы (жылтыр).
Гранулярлы эндоплазматикалық тордың үстінде ұсақ түйіршіктері - рибосомалары болады. Гранулярлы эндоплазматикалық тор клеткада өте маңызды қызметтер атқарады: ферменттерді синтездейді, клетка ішіндегі заттарды тасымалдайды, жақын жатқан клеткалармен байланысты қамтамасыз етеді (плазмодесмалар арқылы), жаңа мембраналардың, вакуольдердің және кейбір органелдердің пайда болуын қамтамасыз етеді.
Агранулярлы эндоплазматикалық тор гранулярлы тордың цистернасынан кететін тарамдалған түтікшелерден тұрады. Әдетте ол гранулярлы торға қарағанда нашарлау дамыған. Эфир майларын, смоланы, каучукті синтездеуге және тасымалдауға қатысады.
Рибосомдар. Рибосомдар диаметрі 20 нм.-дай гиаплазмада болатын, немесе эндоплазматикалық тордың мембранасының үстіне бекініп тұратын түйіршіктер. Олар митохондриялардан да, пластидтерден де табылған. Рибосомдар белоктан және рибонуклеин қышқылынан (РНК) тұрады, мембраналық структурасы болмайды. Рибосомның атқаратын қызметі белокті синтездеу, яғни тірі материяны өзі жасап шығару болып табылады. Бұл процесс топтасып орналасқан және бір - бірімен и РНК-ның жіп тәрізді молекулаларымен байланысқан рибосомаларда жүреді. Ондай топтарды (группаларды) полисомалар деп атайды. Рибосомдарды ядрода пайда болады деп айтады.
Тіршілік процестерінің барысында цитоплазмадағы және ядродағы белоктар үнемі алмастырылып, жаңартылып отырады, сондықтанда рибосомсыз клетка ұзақ өмір сүре алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет