Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет29/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   107
Ядроның және клетканың бөлінуі. Эволюциялық процестің барысында ядро шамасы хромосомалардың нуклеотидтерден жетілуіне байланысты пайда болса керек. Сөйтіп ол келешегінде цитоплазмадан мембранасы арқылы бөлінген. Бірақта онтогенез процесінің барысында ядро тек ядродан пайда болады.
Ядроның бөлінуі барлық уақытта клетканың бөлінуімен аяқталады. Бөліну процесінің тууына себепкер болатын нәрселер алуан түрлі болады: 1) ядро мен цитоплазманың көлемінің дұрыс қалыптасқан тепе-теңдігінің бұзылуы, кейде цитоплазманың көлемінің ұлғаятындығы сонша, ядро клеткада жүретін тіршілік процестерін реттеп отыру мүмкіндігінен айырылады; 2) клетканың көлемімен клетка қабықшасының жалпы көлемінің тепе- теңдігінің бұзылуы; 3) әртүрлі стимуляторлардың әсері (гормондардың, клетканың ыдыраған өнімдерінің және т.б.).
Клетканың бөлінуінің үш түрлі жолы бар: митоз, амитоз, мейоз.
Митоз. Саматикалық клеткалардың бөлінуінің ең универсалды (жанжақты) жолы. Ол эволюциялық дамудың қай деңгейіндегі болмасын, қалыптасқан ядросы бар организмдердің барлығына тән. Клеткада болатын бір бөліністен екіншісіне дейінгі аралықта, өзін- өзі реттейтін процестердің жиынтығын митотикалық цикл деп атайды. Митотикалык цикл бір- бірімен тығыз байланыста болатын интерфазадан және митоздан тұрады; оның ұзақтығы шамамен 10-20 сағатқа созылады.
Интерфаза - митотикалық циклдың ең ұзақ бөлігі. Ядросы біршама үлкен, оның айқын байқалатын 1-2 ядрошығы болады, ал структурасы нашар байқалатын дән тәрізді болып келеді. Хромосомдары спиральдік қалыптан қатты өзгеріп, спиральсіз формаға келеді және бояғанның өзінде де оларды аңғару қиынға түседі.
Бұл фазада клетканы бөлінуге дайындайтын өте маңызды биохимиялық процестер жүреді. Интерфаза үш кезеңнен тұрады: синтезге дейінгі кезең (G1), жаңа пайда болған клеткалар өседі, цитоплазманың структурасы қайта түзіледі, РНК мен белок синтезделеді, энергия жиналады; синтездік кезең (S) - ДНК-ның молекуласы қайтадан қалпына келеді, екі хромотид түзіледі; синтезден кейінгі кезең (G2) - белок синтезделеді, энергия жиналады.
Митоз өз кезегінде төрт фазадан тұрады: профаза, метафаза, анафаза, телофаза. Митоздың ұзақтығы 1-2 сағатқа созылады.
Профазаның бас кезінде ядроның көлемі ұлғаяды және онда түйдектеліп матасқан хромосомдардың спиральдана бастағаны да айқын көрінеді. Профазаның соңында хромосомдар қысқарады, кейде олардың екі хромотидтен тұратындығы байқалады. Бұл кезде, әдетте ядрошық жойылады, ядроның қабықшасы эндоплазматикалық тордың (ретикулум) элементтерінен айырмашылығы болмайтын, кішілеу жекелеген бөліктерге (фрагменттерге) бөлінеді. Нуклеоплазма гиалоплазмамен қосылады. Клетканың полюстерінен орталыққа қарай өскен белоктік жіпшілер пайда болады. Профаза митоздың ең ұзақ фазасы.
Метофазаның бастапқы кезінде хромосомдар спиральданудың ең жоғарғы деңгейіне жетеді және олар клетканың экводориальды пластинкасына қарай жылжып жақындайды. Олар оптикалық микроскоппен жақсы көрінеді. Митотикалық хромосомның саны, формасы, мөлшері және орналасу ерекшелігі әрбір өсімдік түріне тән және тұрақты болады (кариотип). Олардың график түріндегі кескіні түрдің идиограммасын түзеді. Хромосомдардың жиынтығы диплоидты болып келген жағдайда, олардың структурасы бірдей болады. Мұндай хромосомдарды гомологты деп атайды. Хромосомдардың жиынтығы гаплоидты болып келген жағдайда, олардың гомологты хромосомдары бір- бірден ғана болады.
Метофазада хромотидтер бір-бірінен ажырайды, олардың арасындағы байланыстар тек центромерлерде ғана сақталады. Жіпшелерден митотикалық (ахромотиново) ұршықша пайда болады. Ол тіректік және тартылып керілген жіпшелерден тұрады. Тіректік жіпшелер клетканың бір полюсінен екінші полюсіне экваториалдық пластинка арқылы өтеді, ал тартылып керілген жіпшелер хромосомның центромерін полюстермен байланыстырып тұрады. Бірақта митотикалық ұршықшаның жіпшелері барлық уақытта көріне бермейді, өйткені ядроны бояйтын бояу оларды боямайды. Метофазада хромосомдар центромер арқылы ұршықша жіпшелеріне клетканың экваторлық бөлігінде бекінеді.
Анафазада центромерлер ажырайды және хромотидтер тартылып керілген жіпшелердің қысқаруына байланысты полюстерге қарай жылжиды. Әрбір хромотид келешегінде дербес хромосомға айналады. Сондықтанда әрбір полюсте алғашқы клеткада қанша хромосом болса, сонша хромосомнан жиналады. Анафаза ең қысқа фаза.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет