Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет26/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   107
Гольджи аппараты. Диктиосомалардан және Гольджи көпіршіктерінен тұрады. Диктиосома 5-7 жалпақ цистернадан тұратын агранулярлы мембраналармен қоршалған жиынтық (стопка). Цистернаның диаметрі 1 мкм.-дей, ал қалыңдығы 20-40 нм.-нан аспайды.
Цистерналар бір - бірімен түйіспейді. Гольджи көпіршіктері цистернаның шеттерінен бөлініп шығып, гиалоплазманың барлық жеріне таралады.
Диктиосомада полисахаридтер синтезделіп жиналады және сыртқа шығарылып отырады. Гольджи көпіршігі оларды сол күйінде тасымалдап плазмалеммаға жеткізеді. Көпіршіктердің мембраналары плазмалеммаға тізіліп тұрады, ал оның ішіндегі заттар плазмалемманың сыртында қалып қойып отырады және олар клетканың қабықшасына қосыла алады. Гольджи көпіршігі сондай-ақ тонопластқа да қосыла алады.
Диктиосоманың қайдан шыққаны әлі толық дәлелдене қойған жоқ. Олардың пайда болуына эндоплазматикалық тордың қатысы болады деп қарайды. Кейбір клеткаларда Гольджи аппараты болмайды.
Сферосомалар. Дөңгелек сырты жылтыр диаметры 0,5-1 мкм. болатын денешік, ол өсімдік майларының синтезделетін және жиналатын орталығы. Олар эндоплазматикалық тордың шеттерінен бөлініп шығады. Сферосомалардың сыртында орналасқан мембраналары май тамшыларының жиналуына байланысты редукцияға ұшырайды, сөйтіп одан тек сыртқы қабат ғана қалады.
Лизосомалар. Размері 0,5-2 мкм. болатын, сыртында бір қабат мембранасы бар көпіршіктер. Олардың белоктарды, липидтерді, полисахаридтерді және басқада органикалық қосылыстарды ыдырататын ферменттері болады. Сферосомалар секілді оларда эндоплазматикалық тордың жіпшелерінен (тяждарынан) пайда болады. Олардың атқаратын қызметі - жекелеген органелдерді немесе цитоплазманың клетканы жаңартуға қажетті бөліктерін (локальный автолиз) ыдыратып бұзу болып табылады.
Митохондриялар. Митохондрияның формасы алуан түрлі болады, дөңгелек, сопақша, цилиндр тәрізді, гантел тәрізді, бұтақтанып тармақталған және т.б. Олардың ұзындығы 2-5 мкм. (цилиндр тәрізді формаларынын ұзындығы 7 мкм.) болады, ал көлденеңі 0,3-1 мкм.-ден аспайды. Митохондриялардың сыртында екі қабат мембранасы болады. Ішкі қабатынан тарақ тәрізді немесе түтік тәрізді митохондрияның қуысына өтетін өскіндер пайда болады. Оларды кристалар деп атайды. Кристалар митохондрияның мембраналық бөлігінің көлемін біршама арттырады. Кристалардың арасындағы кеңістіктерді сұйық зат - матрикс толтырып тұрады, онда рибосомдар мен дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНК) болады. Мембрананың үстін жұмыр басы және аяғы бар (саңырауқұлақтар тәрізді бөліктер) ұсақ денешіктер жауып тұрады. Митохондриялар клетканың энергия жинайтын лабораториясы. Осында оттегінің қатысумен углеводтар, майлар және басқа органикалық заттар ыдырайды және АТФ синтезделеді. Тыныс алу кезінде босаған энергия АТФ - ның молекуласының макроэргикалық энергиясының байланысына ауысады. Содан соң ол клетканың тіршілік әрекетіне қатысты бөліну, сору, әртүрлі синтездердің нәтижесінде пайда болған заттарды бөліп шығару және т.б. процестерді іске асыруға қатысады. Митохондряларды екі түрлі жолмен: ядродан бөлініп шығатын инициалды бөліктерден және митохондриялардың өздерінің бөлінуінің нәтижесінде пайда болады деп есептейді. Митохондриялар бір орыннан екінші орынға жылжып ауыса алады. Олар тіршілік процестері жылдам жүретін ядроның, хлоропасттардың және басқада органелдердің айналасында жиналады. Бұл өсімдіктердің де, жануарлардың да клеткаларында міндетті түрде болатын органелла.
Пластидтер. Тек өсімдіктерде ғана болады. Бұл органоидтардың сыртында екі қабат мембранасы болады. Түсіне қарай пластидтерді үшке бөледі: көк түсті – хлоропластар; сары, қызғыш, қызыл түсті хромопластар; түссіз - лейкопластар.
Хлоропластарда жасыл пигмент хлорофилл, сонымен қатар каратиноидтар тобына жататын пигменттерден каротин (қызғыш түсті) және ксантофилл (сары түсті) болады. Хлоропластардың негізгі қызметі тікелей хлорофилмен байланысты. Дәлірек айтқанда органикалық емес заттардан күннің энергиясының қатысуымен органикалық заттарды синтездеу (фотосинтез) болып табылады. Сондықтанда хлоропластар өсімдіктің тек күннің жарығы түсетін, жер бетіндегі органдарының клеткаларында ғана болады. Өсімдіктердің түсінің жасыл болуы хлоропластарға тікелей байланысты болады.
Жоғарғы сатыдағы өсімдіктерде хлоропластардың формасы көп жағдайда линза тәрізді болады. Олардың диаметрі 4-6 мкм., ал қалыңдығы 1-3 мкм.- ден аспайды.
Балдырларда жасыл пластидтерді хромотофора деп атайды, олардың формасы мен мөлшері алуан түрлі болады. Олардың формасы жұлдызша, лента, тор тәрізді және басқаша болып келеді. Әдетте цитоплазмада 1- ден 50-ге дейін хлоропластар болады. Олар цитоплазманың қабықшаға жақын қабаттарында орналасады. Жарық шашыраңқы түскенде хлоропластар клетканың қабықшасына жақын орналасады және оларға жалпақ жағымен бұрылып тұрады, ал ашық күнде олар клетка қабықшасына керісінше жіңішке жағымен бұрылады немесе бүйірлік қабықшаға ауысып тұрады.
Хлоропластардың ішінде строма деп аталынатын заттар болады. Олар арқылы параллель орналасқан мембраналардың системасы өтіп жатады. Мембраналар жалпақ қапшық тәрізді болады, оларды теллакоидтар немесе ламеллалар деп атайды. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің көпшілігінің тилакоидтарының бір бөлігінің формасы диск тәрізді болады. Бұл тилакоидтар топтасып грандар деп аталынатын бірінің үстіне бірі қаланған кішкентай дискалардан тұратын үйінділер түзеді. Хролофилл мен каратиноидтар гранның тила коидтарының әрбір екі мембранасының бірінде кездеседі. Грандар бір-бірімен строманың тилакоидтарымен байланысып тұрады. Хлоропластардың сыртында орналасқан мембраналар, кейде қатпарлар (складкалар) түзеді де строманың тилакоидына айналады. Стромада ДНК-ның молекулалары, рибосомалар, пластоглобулалар деп аталынатын, липидтердің тамшылары, крахмал дәндері және басқада қосымша заттар болады.
Крахмал фотосинтез процесінің нәтижесінде хлоропластарда түзіледі, оны фотосинтездік немесе алғашқы крахмал деп атайды. Ферменттердің көмегімен фотосинтездік крахмал қантқа айналады, сөйтіп глюкоза түрінде жапырақтан органдардың түзілуіне қажетті зат ретінде тасымалданады немесе артық қор заты ретінде жиналады.
Қолда бар фактылардың негізінде өсімдіктердің фотосинтездік системасының эволюциясының қалай жүргендігін бақылап отыруға болады. Мысалы, көк-жасыл балдырлардың хлоропластары болмайды, бірақ цитоплазмасының қабықшаға жақын жатқан бөлігінде екі қабат фотосинтездік мембраналары болады. Жасыл балдырлардың хромотофоралары болады, олар гиаплазмадан мембраналары арқылы бөлініп тұрады, бірақ грандары болмайды. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің хлоропластарының грандары болады, олардың универсалды формасы- линза тәрізді. Алайда қазіргі кезде кездесетін жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің ең қарапайымы мүк тәрізділердің кейбір түрлерінде хромотофоралар әлі де кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет