Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет62/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Тұқымды папоротниктер класы (семенные папоротники) -Lіgnopterіdopsіda, Pterіdospermae
Тұқымды папоротниктер ең ертеде пайда болған және ең қарапайым ашық тұқымдылардың бірі. Қазіргі кездерде олар толығымен жойылып кеткен. Бұл папоротник тәрізділер мен ашық тұқымдылардың арасын байланастырып тұрған топ (переходная группа). Папоротник тәрізділермен оларды жапырақтарының құрылысы, сыртқы түрі, микроспорофиллдері мен микроспорангилерінің құрылыстары жақындастырады. Ал ашық тұқымдылармен сабақтарының екінші рет жуандап өсуі, тұқым бүрлері мен дәндерінің болуы жақындастырады. Қазіргі кездерде тұқымды папоротниктердің жүздеген түрлері сипатталып жазылды. Олардың аса кең таралған туыстарына мыналар жатады: калимматотека (Calymmatotheca), медуллоза (Medullosa), кейтония (Caytonіa), глоссоптерис (Glossopterіs).
Саговниктер класы (саговниковые) - Cycadopsіda
Саговниктердің жапырақтары үлкен, қауырсынды, сиректеу тұтас, ланцет тәрізді болып келеді. Сабағы (діңі) жақсы жетілген өзектен, қабықтан және онша үлкен болмайтын сүрек қабатынан тұрады. Тұқымбүрі жапырақ тәрізді немесе азды-көпті метаморфозаға ұшыраған мегаспорфилдерінде орна-ласады. Әдетте тұқымбүр-лері жалғыздан орналасады немесе топтасып стробил (шишка) түзеді. Саговниктер эволюцияның үлкен жапырақты тармағы (ли-ниясы) болып табылады.
Саговниктер класы бір қатардан (Cycadales) тұрады, онда бір тұқымдас (Cycadaceae) бар.
Саговниктер қатары (саговники)- Cycadales. Қатарға қазіргі кездерде кездесетін 100 дей түр жатады. Олар Шығыс Азияның, Австралияның, Африканың және Американың тропикалық және субтропикалық облыстарында кеңінен таралған. Саговниктер жай өсетін ағаштар, биіктігі 20 метрге жетеді және 1000 жылға дейін өмір сүреді. Сабағы бұтақталмаған немесе нашар бұтақтанатын колонна тәрізді немесе түйнек тәрізді жуандаған, кейде топыраққа жартылай көмілген болып келеді (геофилия). Өзегінде крахмал жиналады. Сабақтың жоғарғы ұшы вегетативті бүршікпен аяқталады, оны мәңгіжасыл жапырақтардың тобы қоршап тұрады. Бүршікте жапырақтары папоротниктердегі секілді ұлу тәрізді (улитка) бұралып тұрады. Үлкен жапырақтары қауырсынды, ұзындықтары 2 м. дейін барады. Саговниктердің ұрықтануы әліде сулы ортамен байланысты. Архегонийлері эндоспермнің ойыстау жерінде архегониальды камерада орналасқан. Тозаң өскен кезде сперма түзетін клеткадан 2-4 немесе көптеген көпталшықты үлкен сперматозоидтар пайда болады. Олар архегониальды камераның ішіндегі сұйыққа барып түседі де, біраз уақыт жүзіп жүреді, содан соң барып олардың біреуі жұмыртқа клеткасын ұрықтандырады. Саговниктердің практикалық маңызы шамалы. Кейбір түрлерінің, әсіресе иілгіш саговниктің (саговник поникающий - Cycas revoluta) өзегінен саго жармасын дайындайды. Саговниктер тамаша сәндік өсімдіктер, оларды оранжерияларда және ашық грунтта өсіреді.


Беннеттиттер немесе беннеттитопсидтер класы (беннеттитовые, или беннеттитопоиды) - Bennettіtopsіda
Беннеттиттер түгелімен жойылып кеткен өсімдіктер. Бір қызығы олардың жойылған уақты гүлді өсімдіктердің пайда болған және шарықтап өскен уақтымен сәйкес келеді. Басқа ашық тұқымдылардан айырмашылығы сол, олардың стробилдері (шишки) қос жынысты болады. Вегетативті органдарының құрылысы жағынан саговниктерге ұқсас, бірақ олардың ішінде шөптесін өсімдіктерде болған.
Беннеттиттер класы бір қатардан тұрады (Bennettіtales), оған вилламсониялар (Wіllamsonіaceae) және беннеттиттер (Bennettіtaceae) тұқымдастары жатады.
Вилламсониялар тұқымдасының аса кең таралған туыстарына вильламсония (Wіllamsonіa) және вильямсониелла (Wіllamsonіella) өсімдіктері жатады. Ал беннеттиттер тұқымдасының кең таралған туысына цикодеойдея (Cycodeoіdea) жатады.
Шамасы беннеттиттер тұқымды папоротниктерден шыққан болса керек.
Гинкголар класы (гинкговые) - Gіnkgoopsіda
Гинкголар класы бір қатардан (Gіnkgoales) тұрады, онда қазіргі кездегі флорада кездесетін бір ғана монотипті тұқымдас бар (Gіnkgoaceae). Тұқымдас екі қалақшалы гинкго (гинкго двулопастный - Gіnkgo bіloba) деген жалғыз түрмен белгілі. Шыққан жері Қытайдың оңтүстік - Батысы. Ерте уақыттан бері оны Жапонияда және Қытайдың барлық жерлерінде, діни тұрғыдан қасиетті ағаш ретінде, мәдени жағдайда арнайы өсіреді. Бұл биіктігі 40 м. дейін баратын, бөрікбасы пирамида тәрізді болып қалың бұтақталған мәңгі жасыл ағаш. Екі түрлі өркені болады: төбелік ұзарған және бүйірлік қысқарған. Жапырақ тақтасы жалпақ веер тәрізді болып келеді және сағағы болады. Ұзарған өркендерінде олар екі қалақты, ортасы ойық болып келеді. Дихотомиялы жүйкеленеді.
Гинкго - екі үйлі өсімдік. Аталық стробилдері (шишки) қысқарған өркендеріндегі жапырақтардың қолтықтарында пайда болады. Микроспорофиллдері жоғарғы жағында сорилері (сорус) бар тірсектен тұрады. Ол көп жағдайда тек жарықшақтары арқылы қақырайтын, екі салбырап тұрған микроспорангиден тұрады. Аналық стробилдері де қысқарған өркендеріндегі жапырақтардың қолтығында орналасады. Әрбір стробилде (шишка) екіден тұқымбүрі болады, олар дихотомиялы бұтақтанған тірсектің жоғарғы жағында орналасады. Ұрықтануы саговниктердегі секілді сперматозоидтардың көмегімен жүзеге асады. Гинкго сәндік өсімдік ретінде кеңінен қолданылады, дәні жеуге келеді, ағашының құндылығы қарағайлармен бірдей.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет