Классификациясы. Жабық тұқымдылар ертеден қос жарнақтылар (Dіcotyledoneae) және дара жарнақтылар (Monocotyledoneae) кластары болып екіге бөлінеді. Бұл кластардың бір-бірінен ажырататын ең қажетті және ең көрнекті белгілерін келтіреміз.
Айтып кеткен жөн, қос жарнақтылар мен дара жарнақтылардың деңгейінде осы келтірілген белгілерден бірқатар ауытқушылықтар болып отырады. Мысалы, кейбір қос жарнақтылардың тұқымжарнағы біреу (фикария - чистяк), жапырағының жүйкеленуі доға тәрізді (бақажапырақ - подорожник) болады, ал дара жарнақтылардың сабақтары екінші рет жуандайды (юкка, драцена) және т.б. Бұдан біз жоғарыда келтірілген белгілардің салыстырмалы түрде ғана алынғанын байқаймыз. Сондықтанда өсімдіктің қай класқа жататындығын анықтағанда осы белгілердің тек біреуіне ғана сүйенбей, олардың барлығын түгелімен ескеру қажет.
Қос жарнақтылар
|
Дара жарнақтылар
|
1.Ұрықтың екі тұқым жарнағы болады.
|
1. Ұрықтың бір ғана тұқым жарнағы болады.
|
2. Ұрықтық тамырша келешегінде жанама тамырлары бар кіндік тамырға айналады; Тамырлары екінші рет қа- лыңдауға (жуандауға) қабілетті; Тамыр системасы формасы жағынан көп жағ- дайда кіндік тамырлы.
|
2. Ұрықтық тамырша біршама ертерек өледі, кіндік тамырдың орнына қосалқы тамырлары пайда болады; Тамырлары екінші рет қалыңдауға (жуандауға) қабілетсіз, тамыр системасы көп жағдайда шашақ тамырлы.
|
3. Сабағы өсімдіктің өсу барысында жуандайды, өйткені өткізгіш шоқтары ашық; сабақтың көлденең кесіндісінде олар шеңбердің бойымен орналасады немесе барлығына бірдей ортақ өткізгіш цилиндрі болады.
|
3. Сабағы жуандамайды, өткізгіш шоқтары жабық, сабақтың көлденең кесіндісінде олар ретсіз шашыраңқы орналасады.
|
4. Жапырақтары жай және күрделі, жүйкеленуі торлы.
|
4. Жапырақтары жай, параллель немесе доға тәрізді жүйкеленген болып келеді.
|
5.Гүлдерінің мүшелері 5 қатар, сиректеу 4 қатар түзіп орналасады.
|
5. Гүлдерінің мүшелері 3 қатар түзіп орналасады.
|
Жабық тұқымдылардың табиғи топтарын гүлдерінің құрылысына және өмірлік формаларына қарай бөлу (топтастыру) немесе талдау мынаны көрсетеді. Туыстық жақындығы бар қатарлар біршама қысқа болады. Осыдан барып жабық тұқымдыларға шолу жасағанда оларды қатарлардың тобына біріктіру тәсілдемесі шыққан. Бұл кітапта 10 қатарлардың тобы қарастырылады. Олардың 8 қосжарнақтылар класына жататын қатарлардың тобы: көп жемістілер (магнолия тәрізділер), раушангүлдер тектес бос желектілер, раушангүлдер тектес бір жабынды өсімдіктер, раушангүлдер тектес біріккен желектілер, орталық дәнді бос желектілер, орталық дәнді бір жабынды өсімдіктер, тұқымдары гүл түйінінің қабырғасына жанаса орналасқан бос желектілер, тұқымдары гүл түйінінің қабырғасына жанаса орналасқан біріккен желектілер және дара жарнақтылар класына жататын екі қатардың тобы: желекті гүлділер, қабыршақты гүлділер.
Репродуктивтік органдар. Гүл.
Гүл дегеніміз - түрі өзгерген қысқарған өркен. Ол микро- және мегаспоралар, гаметалар түзуге және айқас тозаңдануға бейімделген. Тозаңданудың және одан әрі жыныстық процестің (ұрықтанудың) негізінде тұқым мен жеміс түзіледі.
Құрылысы. Гүлдің сабақтық бөлігі сағақтан және гүл тұғырынан (табанынан) тұрады. Гүл тұғырының формасы алуан түрлі болады. Конус тәріздіден жалпақ тақтаға, кейде тіптен ойыс бокал тәрізді формаға дейін кездеседі. Гүл тұғырына түрі өзгерген жапырақтар (гүл жапырақшалар) орналасады: тостағанша жапырақшалар, күлте жапырақшалар, аталықтар, аналықтар. Көп жағдайда олар шеңбердің бойымен орналасады. Мұндай гүлдерді циклдық (циклический) деп атайды. Циклдық гүлдер әдетте бес немесе төрт қатар шеңбер түзеді: бір қатар шеңберді тостағанша жапырақшалар, бір қатарды- күлте жапырақшалар, екі немесе бір қатарды аталықтар, бір қатарды- аналақтар түзеді. Гүл жапырақшалары гүл тұғырына спиральдың бойымен орналасқан гүлдерді ациклдік (ациклический) гүлдер деп атайды. Гүл жапырақшаларының біреулері гүл тұғырына шеңбердің бойымен, ал екіншілері спиральдың бойымен орналасқан болса, онда мұндай гүлдерді аралық немесе гемициклдық (гемициклический) гүлдер деп атайды.
Достарыңызбен бөлісу: |