Дәріс 1 Тақырып: Кіріспе



бет65/107
Дата30.09.2023
өлшемі1,29 Mb.
#112063
түріПрактикум
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107
Байланысты:
ЛЕКЦИЯ (1)

Балқарағай туысы (лиственница-Larіx). Азияда, Европада, Солтүстік Америкада кең таралған, 20 шақты түрлері бар. Шыршалы ормандардың құрамына кіреді. Үлкен ағаш, бұтақтары топтасып орналасады, жарықты жақсы көреді. Өсімдік жазда көктеп, қыста қылқандарын тастап отырады. Жапырақтары ұзарған сабақтарында біреуден, ал қысқарған сабақтарында топтасып (пучками) орналасады. Тозаңдарының ауа қуыстары болмайды. Аналық стробилдері бір вегетациялық кезеңде пісіп жетіледі, бірақ 2-3 жыл бойы, түспей ағаштың басында тұрады. Ағашы қызылдау, смолаға бай, аса берік, суда шірмей ұзақ уақыт сақталады. Сондықтанда оны шпалдар дайындауға, кемелер жасауға, шахтаның астына тіреу ретінде, отынға және қағаз алуға қажетті шикізат ретінде кеңінен пайдаланады.
Бұрынғы одақтас республикалардың флорасында 7 түрі, ал Қазақстан флорасында 1түрі кездеседі. Батыс Европа бал қарағайы (лиственница заподноевропейская- L.decіdua) Альпа және Карпат тауларында өседі. Сібір бал қарағайы (лиственница сибирская- L.sіbіrіca бұрынғы одақтас республикалардың (БОР) европалық бөлігінің шығыс аудандарында және Батыс Сібірде кең таралған. Дауыр бал қарағайы (лиственница даурская- L.dalurіca) Шығыс Сібірдің және қиыр шығыстың қатал климатына тамаша бейімделген және Шығыс Сібір мен Якутияда діңі биік болып келетін жалғыз ағаш болып табылады.
Қарағай туысының (сосна- Pіnus) - 100- дей түрі бар. Олар негізінен солтүстік ендіктің қоңыржай климатты аймақтарында өседі, субтропикаларда тау ормандарын түзеді, бірнеше түрлері тропикалық облыстардың тауларында кездеседі. Бұлар үлкен немесе кішілеу ағаштар болып келеді, бұтақтары топтасып орналасады. Ұзарған сабақтары, жарғақ тәрізді қабыршақты жапырақтармен жабылған, олардың қолтықтарында қысқарған сабақтары жапырақтарымен орналасады. Әдетте мұндай жапырақтар 2-5-тен топтасып орналасады. Аналық стробилдері 2-3 жылда пісіп жетіледі.
БОР флорасында 15 түрі, ал Қазақстан флорасында 2 түрі кездеседі. Кәдімгі қарағай (сосна обыкновенная- Pіnus sylvestrіs) БОР европалық бөлігінде кеңінен таралған, Сібірде Охот теңізіне дейін; Батыс Европада Скандинава жартылай түбегінен Пиреней мен Балқанға дейін жетеді. Құмды және жартылай құмды топырақтарда көп жағдайда орман түзеді. Сонымен бірге шымтезек мүктері басқан батпақтарда (аласа формалары), ал оңтүстікте - известі және борлы жаталарда өседі. Ағашын құрлыс жұмыстарына және әртүрлі бұйымдар жасауға пайдаланады. Діңінен сағыз (живица) алады, одан айыру жұмыстарын жүргізу арқылы (при перегонке) корабль жасауға қажетті смола, канифоль, скипидар алады. Қылқанында көп мөлшерде аскорбин кислотасы (витамин С) болады. Жас өркендерін дәрі жасауға пайдаланады, ал тозаңдарын медицинада плаунның спораларының орнына қолданалады. Сібір қарағайы (сосна сибирская, или сибирская кедровая сосна- Pіnus sіbіrіca) – діңі үлкен болып келетін, Сібірдің барлық жерінде және Монголияда кеңінен таралған ағаш. БОР территориясында орман түзеді (кедрачи). Қыл-қандары қысқарған сабақтарында бесеуден топтасып орналасады. Аналық стробилдері тік орналасады, тұқымдары (жаңғақшалары) ұрықтанғаннан кейін, екінші жылы күзде піседі. Жаңғақшалары пісіп жетілгенмен стробилдері ашылмайды. Дәнінің қанатшасы болмайды, спермодермасы қатты болып келеді. Күнделікті өмірде дәндерін кедр жаңғақшасы деп атайды, оларды тамаққа және май алуға пайдаланады. Діңінен құнды ағаш, смоласынан скипидар және канифоль алынады. Жатаған кедр (кедровый стланник- P. Pumela) жерге төселіп өтетін бұта немесе кішілеу ағаш. Шығыс Сібірде, Куриль аралдарында, Жапонияда өседі. Үлкен кеңістікті алып жататын бұталы, қалың қопа (тоғай) түзеді. Оны терісі құнды аңдар: тиіндер және бұлғындар мекендейді. Дәні жеуге келеді. Паллас қарағайы (сосна паласса- P.pallasіana) Қырымда, Закавказьенің батысында, кіші Азияда және Балқанда орман түзеді. Пицунд қарағайы (сосна пицундская- P.pіthynsa), БОР территориясында Пицунда мысында өседі, реликті түр болып табылады.
Кипаристер қатары (Кипарисовые) – Cupressales. Бұл қатар мынадай екі тұқымдастан тұрады: таксодилер (таксодовие – Taxodіaceae) және кипаристер (кипарисовые – Cupressaceae).
Кипаристер тұқымдасы (кипарисовые- Cupressaceae). Бұл тұқымдасқа 20 туыс, 145 - тей түр жатады. Жер бетінің барлық құрлықтарында кездеседі. Ағаштар мен бұталар болып келеді. Жапырақтары қабыршақ тәрізді (чешуевидные), сиректеу ине тәрізді. Ағашында смола жолдары болмайды. Смола арнайы маманданған клеткаларда жиналады. Аталық стробилдері жалғыздан болады, тозаңының ауа қуыстары болмайды. Аналық стробилінің қабыршақтары сүректенген, көн тәрізді немесе шырынды болып келеді.
Арша туысы (можжевельник-Junіperus). Солтүстік ендікте арктикадан субарктикаға дейін аршаның 70-тей түрі өседі. Бірнеше түрі тропикалық аймақтың тауларында кездеседі. Кішілеу ағаштар немесе бұталар. Жапырақтары ине тәрізді немесе қабыршақ тәрізді (чешуевидные) болып келеді. Аналық стробилінің қабыршақтары (чешуйки) етженді, шырынды бүршік (шишкоягода) түзеді. Мұндай шырынды бүршіктер екі жылда пісіп жетіледі. Ағашын әртүрлі мақсатта пайдаланады.
Өркендерінде улы болып келетін эфир майы сабиноль жиналады. Ол медицинада қолданылады.
БОР флорасында 21 түрі, ал Қазақстан флорасында 10 түрі кездеседі. Кәдімгі арша (можевельник обыкновенный - J.communіs) подольскеде шыршалы және қарағайлы ормандарда өседі. Жапырақтары ине тәрізді, үшеуден топтасып орналасады. Ұзақ жылдар бойы сақталады, тіптен 2 мың жылға дейін өмір сүреді. Қызыл арша (можжевельник красный- J.oxycedrus) мен биік арша (можжевельник высокий- J.excelsa) Қырымда өседі. Орта Азияның тауларында Заравшан аршасы (можжевельник заравшвнский- J.seravschanіca), сауыр аршасы (можжевельник плоушаровидный- J.semіglobosa), Түркістан аршасы (можжевельник- J.turkestanіca) және басқалар орман түзеді.
Гнеталар немесе гнетопсидтер класы (гнетовые или гнетопсиды) - Gnetopsіda
Гнетопсидтер класының аналық және аталық гаметофиттері редукцияға көп ұшыраған, жыныстық прцестері жабық тұқымдылардың қосарланып ұрықтануына жақын. Тұқымбүрі біреу, ұрықтың екі тұқым жарнағы болады. Сүрегінде смола жолдары болмайды. Класты үш қатарға бөледі: қылшалар (Ephedrales), гнеталар (Gnetales), вельвичилар (Welwіtsehіales). Олардың Қазақстанның флорасында кең таралғаны қылшалар қатары. Сондықтанда біздер осы қатарға толығырақ тоқталғанды жөн көрдік.
Қылшалар қатары (эфедровые) – Ephedrales. Бұл қатарға бір тұқымдас және бір ғана қылша (Ephedra) туысы жатады. Туыста 40-тай түр бар. Олар Жеррорта теңізі жағалауында, Алдынғы және Орта Азияда, Индияда, Қытайда, Солтүстік және Оңтүстік Америкада кең таралған өсімдіктер. Негізінен шөлді, жартылай шөлді аймақтарда және таудың тасты жоталарында өседі. Биіктігі 5-8 м. болатын кішігірім ағаштар, көбіне бұталар немесе лианалар. Жапырақтары майда, әдетте қабыршақ тәрізді, ерте түсіп қалады. Бұтақтары қырлы - қырлы, жасыл түсті, онда фотосинтез процесі жүреді. Екі үйлі өсімдік. Аталық бүршіктері (шишки) 3-4-тен және оданда көптен сабақтың буындарында топтасып орналасады. Аталық бүршік (стробил) бағанадан тұрады, оның ұшында екіден сегізге дейін 2-4 ұялы микроспорангилері болады. Аналық бүршіктердің екіден төртке дейін, сабақтың буынында орналасады. Аналық бүршік (шишки) қалың қабықшамен қоршалған бір ғана тұқымбүрінен тұрады. Тозаң желмен, кейде насекомдармен тұқымбүріне жеткізіледі. Дән пісіп жетілгенде аналық бүршіктің сыртқы қабықшалары көп жағдайда қатайып ағаштанады, ал қабыршақ тәрізді жабындық жапырақтары етженді түрге келіп, ашық түске боялады.
Бұрынғы одақтас республикардың флорасында 10 түрі, ал Қазақстанда 6 түрі өседі. Олардың ең маңыздысы екі масақты қылша (эфедра двухколосковая - E.dіstachya). Бұл түр бұрынғы одақтас республикардың европалық бөлігінің оңтүстік- шығысында, Сібірде, Орта Азияда кеңінен таралған. Биіктігі 40 см. Болатын кішілеу бұта. Қылшаның практикалық маңызы, оның бұтақтарында эфидрин алколоидының болуымен есептелінеді. Эфидриннен аса құнды дәрі алынады.
Пысықтау сұрақтары:

  1. Мүк тәрізділердің құрылысы мен өмірлік циклінің қандай ерекшеліктері олардың балдырларға туыстық жақындығын көрсетеді?

  2. Шымтезек мүктерінің құрылысында қандай қарапайымдылықтың белгілері болады?

  3. Кәдімгі көкек зығырының құрылысы мен өмірлік циклы қандай? Өмірлік циклінде спорофиті мен гаметофитінің ара салмағы қандай?

  4. Плаун тәрізділердің спорофиті мен гаметофитінің құрылыстарының негізгі ерекшеліктері қандай?

  5. Түйрегіш басты плаунның өмірлік циклінде спорофиті мен гаметофитінің ара салмағы қандай?

  6. Плаун мен селагинелланың спорофиті мен гаметофитінің құрылыстарының принциптік айырмашылығы неде ?

  7. Қырықбуын тәрізділердің негізгі белгілері қандай?

  8. Дала қырықбуынның өмірлік циклі қандай?

  9. Папоротник тәрізділердің қазіргі кездегі басқа жоғарғы сатыдағы өсімдіктерден айырмашылығы неде?

  10. Еркек папоротниктің өмірлік циклы қандай?

  11. Әртүрлі споралы папоротниктердің спорофиті мен гаметофитінің құрылысының ерекшеліктері неде?

  12. Жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің эволюциясында әртүрлі споралылықтың маңызы қандай?

  13. Ашық тұқымдылардың тұқымбүрінің құрылысы қандай? Оның қандай бөлігі мегаспорангияның гомологі болып табылады?

  14. Ашық тұқымдылардың аталық және аналық гаметофиттері қалай пайда болады? Олардың құрылыстары қандай?

  15. Ашық тұқымдылардың ұрықтануы мен тұқымының пайда болуы қалай жүреді: Тұқым қалай орналасқан? Ашық тұқымдылардың дәндерінің құрылысы қандай?

  16. Өсімдіктерде тұқымның пайда болуының эволюциялық тұрғыдан маңызы қандай?

  17. Ашық тұқымдылардың жоғарғы сатыдағы споралы өсімдіктерден принциптік айырмашылығы неде?

  18. Саговниктердің қылқан жапырақтылармен салыстырғанда құрылысының ерекшелігі неде ?

  19. Қылқан жапырақтылардың таралуының табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы қандай?





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   107




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет