Дәріс 1 Тақырып: Педагогика ғылымының дамуы және педагогикалық іс-әрекетке даярлық Мақсат



бет19/22
Дата25.05.2023
өлшемі91,51 Kb.
#97597
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22
Байланысты:
4. darister, mugalimnin zertteu madenieti (1)

Тексеру эксперименті, ғылыми педагогикалық зерттеу институттары шығарған оқулықтарының пайдалылығын арнайы мектептерде тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Мектептегі озат тәжірибелерді зерттеу процесінде пайда болған болжамды анықтау үшін тексеру эксперименті қолданылады. Мысалы, педагогикалық ғылыми-зерттеу институттары жаңадан шығарылған оқулықтардың, бағдарламалардың тиімділігін тексеру эксперименті арқылы зерттейді. Оқу мен тәрбиенің мазмұнын ұйымдастыру түрлерін, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі, оны жасампазэксперимент дейді.
Мектеп құжаттарын зерттеуде кейбір күдікті жайттарды құжаттарға сүйеніп зерттеуге болады. Мұрағат мәліметтері, сынып журналдары, оқушы күнделіктері, сыныптың оқу-тәрбие жоспары, үйірме жұмыстарының жоспары мен есеп, үйірме мүшелерініңбаяндамалары, педагогикалық кеңестің хаттамалары, мектептің жылдық есебі, мұғалімдердің озат тәжірибесі негізіндегі әдістемелік баяндамалар және тәрбие жұмыстарының тақырыптарына жазылған баяндамалар мен ғылыми мақалалар жатады. Педагогика тарихының мәселелерін мұрағат мәліметтеріне сүйеніп зерттейді. Оқу жұмысының жетістіктері менкемшіліктерін ашып, тиісті қорытынды шығаруға мүмкіншілік береді.
Оқушылардың жұмысын зерттеу. Оқушылардың жазба, бақылау және графикалық жұмыстары, суреттері, пәндер бойынша дәптерлері, әр түрлі тақырыптарға жазылған баяндамалары мен рефераттары және еңбек сабақтарында жасаған заттары зерттеушіні кейбір қажетті мәліметтермен қаруландырады. Оқушылардың дербес қабілетін, оқуға және еңбекке көз-қарасын, тәжірибелік даярлығын, мұғалімдердің де іс-әрекетін зерттеп анықтауға болады. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеуінің жаппай және дербес орындайтын жұмыстарын ұштастырып жүргізудің және осы сияқты дидактикалық мәселелерді қолданудық тиімді жолдарын іздестіреді.
Зертханалық эксперимент балаларға арналған жасанды арнайы құрылған және нақты дәл ескерілген жағдайларда жүргізіледі. Ол әртүрлі физикалық приборлар мен тіркеу аппаратураларын белсенді қолдану барысында арнай жабдықталған орынжайларда /жарықтан және дыбыстан қорғайтын кабиналарда/ жиі жүргізіледі. Эксперимент жағдайының табиғи болмауы сынаққа қатысушының тосын жағдайлардан ұялуына, қажуына әкеледі. Бұған қоса зертханалық эксперимент белгілі бір деңгейде нақты өмірлік жағдайларды бейненлесе де, көбінесе олардан қашықта болады. Сондықтан ол оқу-тәрбие процесінің педагогикалық проблемаларын шешуге сирек қолданылады. Экспериментті жүргізер алдында, екі топқа бөлу керек, эксперименттік топ және бақылау тобы. Дегенмен басқа әдістен өзгешедегі, жағдайларды дәлме-дәл ескеруге, эксперименттің жүруіне және барлық кезеңдеріне қатаң бақылау жүргізуге мүмкіндік береді. Нәтижелерінің сандық бағасы, беріктілігі мен анықтылығының жоғары деңгейі психикалық құбылыстарды сипаттап, өлшеп қана қоймай, түсіндіруге мүмкіндік береді.
Табиғи эксперимент ойын, оқу немесе еңбек ойын, оқу немесе еңбек іс-әрекетінің табиғи жағдайларында тұрған балалардың психикалық зерттеу жүргізілуін білмеуімен ерекшеленеді. Табиғи эксперимент нақтылығы аз болса да өзіне бақылау мен зертханалық эксперименттің басым бөлігін қосады, оның нәтижелерін сандық өңдеуге салу күрделі болады. Бірақ бұл жерде эмоционалды ынта-зейіннің теріс әсері мен жауапты реакцияның ниеттілігі жоқ. Табиғи эксперимент табиғи жағдайда, зерттеушілер рөлін атқарып, бақылау жасырын жүргізіледі. 
Модельдеуші эксперимент психикалық құбылыстарды модельдеу арқылы түсіндіріледі. Экспериментті жағдайда бала өзіне қатысты барлық табиғи іс-әрекетті жаңадан өндіреді /модельдейді/. Эмоциональдық немесе эстетикалық әсерленушлік, қажетті ақпаратты есте сақтау. Осы модельдеу уақытында зерттеушілер сондай-ақ аталған процесте ас қолайлы жағдайларды айқындауға тырысады.
Эксперимен ұзақ және қысқа да болады. Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін, жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет