Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:
1 Озық педагогикалық тәжiрибенi зерттеу қажеттілігі
2 Озық iс-тәжiрибенi оқып үйренудегi негізгі iс-әрекеттің түрлерi
3 Озық iс-тәжiрибенi жүргiзу кезеңдерi
Әдебиеттер:
1 Аубакирова Р.Ж. , Нурбекова М.А. Педагогикалық зерттеу әдістемесі: Оқу құралы.-Астана: Фолиант, 2011.-128б
2 Қалиева Э. И. Ғылыми зерттеу әдістемесі. Оқу-әдістемелік құрал. 2005-145б
3 Пошаев Д.К. Ғылыми-педагогикалық зерттеу негіздері. Оқу құралы. – Шымкент; М. Әуезов атындағы ОҚМУ, 2003ж. 111 б.
4 Брежнова Е.В., Краевский В.В. Основы учебно исследовательской деятельности студентов. М..,2005
5 Асқарова Е.С. Ғылыми зерттеулердің негізі.А..,-2005
6 Шкляр М.Ф. Основы научных исследований. М....,2009
Дәріс 15: Ғылыми мақала дайындау
Мақсат: Ғылыми мақала дайындау әдістерімен танысу
Жоспар:
Ғылыми мақала жазудың басты әдістері
Ғылыми мақала рәсімдеу
Ғылыми мақала жазу – оңай емес, ол өзіне жазуға дейінгі ойлау элементтерін қосатын, тілден тыс жатқан логикалық құбылыстармен де байланысы бар күрделі үдеріс. Ғылыми мақала жазуды санада белгілі бір тақырып жайында ойды қорытуға қабілеті бар жеке тұлға ғана іске асыра алады. Ғылыми мақала жазу тек сауатты жаза білумен шектелмейді, ең әуелі ол ойлау дағдысын, сондай-ақ жазу барысындағы біліктілікті игеруден көрінеді және жазудан кейінгі атқарылатын жұмыстарды да жетік меңгеру қажет. Осылай еткенде ғана ғылыми мақала жазуды ұйымдастырудың басты тетіктері мейлінше кең көрініс таппақ, үйрету әдістемесі де неғұрлым толыққанды болмақ. Сондықтан ғылыми мақала жазудың басты әдістерін үш мәселе төңірегінде қарастыруға болады. Осы үш нәрсе бойынша зерттеуші қажетті дағдыларды қалыптастыра алса, ғылыми мақала жазу барысында ілгерілеушілікке ие болады. Олар: 1) Жазуға дейінгі дағдылар; 2) Жазу кезіндегі дағдылар; 3) Жазудан кейінгі дағдылар. Енді осылардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Жазуға дейінгі дағдылар Жазуға дейінгі дағдылар ойлау, есте сақтау, тақырыпты логикалық бөліктерге ажырата алу және ауызша жеткізе білу тәрізді әрекеттермен байланысты. Сондықтан практикалық бағытта орындалатын тапсырмалар осы мәселелердің айналасында іске асуы тиіс, солар бойынша дағдылар қалыптастыруды көздейді. Жазылымның сөйлеу әрекеттерінің басқа түрлеріне қарағанда (сөйлесім, оқылым, тыңдалым) әлдеқайда күрделі және содан кейін, осы әрекеттердің негізінде жүзеге асатынын ескерсек, аталған дағдыны студенттің бойында қалыптастыру аса маңызды болып табылады. Ол зерттеушінің белгілі бір тақырып бойынша оның логикалық сызбасын нақты көз алдына елестетіп, түсіне алуға, өз ойында ойша жинақтап алуға көмектеседі. Бұл дағды – нақты жазуға апарар жол болмақ, осы жолда шыңдалмаған үйренуші жазу барысында да кейбір қателіктерге ұрынуы әбден мүмкін.
Мақала құрамы: негізгі тезис – негіздеуді қажет ететін пайымдау болып табылады. Негізгі тезис өзіне сөйлеу тақырыбын (мәтінде не туралы айтылатындығы) және оның талданатын белгілерін (тақырыптың белгілерін) қосады. Дәлел (аргумент) – бұл тезистің негіздемесі; дәлелдер. Иллюстрация – теориялық жайттарды бекітетін мысалдар. Қорытынды (түйін) – тақырыпты аналитикалық талдаудың түйіндемесі, зерттеудің болашақ бағдары.
Жазу кезіндегі дағдылар жазбаша ғылыми қарым-қатынас барысында қолданылатын әртүрлі мағыналық құрылымдарды үйретуге арналады. Құрылымдық-мағыналық топтарды функционалдық аспектіні негізге ала отырып, деңгей бойынша және негізгі, аралық, шеткері аймақтарда қолданылатын тілдік құралдарды ажыратып оқытқан дұрыс. Сонымен бірге ғылыми және ғылыми-көпшілік мәтіннің баяндалу типтерін де назардан тыс қалдырмаған дұрыс. Өйткені тәжірибе барысында таза ғылыми мәтіндермен қатар ғылыми-әдеби (көркем), ғылыми-публицистикалық, ғылыми-құжаттық мәтіндердің кездесіп отыруы заңды, осы орайда біздің міндетіміз – осылардың барлығына ортақ, оқыту өлшемдеріне лайық, типтік мәтіндерді дұрыс іріктей алуымызда болса керек. Бұған қоса әрбір тілдің ерекшелігі болатыны тәрізді, қазақ тілінің де ұлттық ойлау жүйесіне тән ерекшеліктердің тілдегі көріністерін және мұның ғылыми-көпшілік мәтіндерге де тән болып келетіндігін ескереміз
Ғылыми-көпшілік мәтіндердегі баяндау типтері: сипаттау, хабарлау, талқылау болып келетіні белгілі, сондықтан олардың мазмұндық және тілдік ерекшелігін дәріс алушы өзінің санасына сіңіру керек, белгілі бір дәрежеде білім болуы шарт. Себеп-салдарлық қатынас – ғылым, ғылыми-көпшілік тілде қолданылатын негізге мағыналардың бірі. Олай болатын себебі ғылымда себепсіз ешнәрсе жасалмайды, ешқандай салдар болмайды. Салдардың көрінуіне негіз болатын себеп те жасалу тәсілі жағынан, мағыналық реңкі жағынан әртүрлі болып келеді. Себеп-салдарлық қатынас себеп пен салдардың ара жігі айқын көрінетін құрмалас сөйлемдер арқылы ғана емес, жай сөйлемдердің де мағынасынан нақты көрініп тұрады
Жазу кезіндегі үйренуге тиіс мәселелердің бірі – ғылыми және ғылыми- көпшілік жұмыстардың құрылымы. Барлығымызға белгілі, ғылыми бағытта жазылатын жұмыстар кіріспе, негізгі бөлім, қорытындыдан тұрады, алайда бір қарағанда, белгілі болып көрінетін осы жайт нақты тәжірибе барысында едәуір қиындықтар туғызып жатады. Тақырыптың өзектілігін білдіретін бағалауыштық құрылымдар көбінесе кіріспе бөлімде жұмсалады. Мұндай құрылымдар, әдетте, белгілі бір мәселенің зерттелу барысын баяндау барысында қолданылады: зерттеу маңызды, ... зерттеу аса//өте маңызды, ... алатын орны орасан зор, бүгінгі күннің өзекті тақырыбы, бүгінгі күннің өзекті тақырыбына айналып отыр, бүгінгі күн талаптарының бірі, орынды, үлкен сұранысқа ие болып отыр, өзекті, сөзсіз, даусыз, қажет, мүмкін, ықтимал т.б. Өз дәлелдемелерін ұсыну, негіздеу барысында менің ойымша, меніңше, біздің көзқарасымызша, біздіңше деген қыстырмалар арқылы берілетін бағалауыштық құрылымдар, олар автордың өзіндік көзқарасын білдіру үшін жиі пайдаланылады және көбінесе негізге бөлімге тән болып келеді. Сондай- ақ, эмоционалдық мәндегі бағалау да кездеседі: өкінішке орай, өкінішті т.б.
Жазудан кейінгі дағдылар Редакторлық жұмыстар, өз жұмысына басқаның көзімен қарай білу, жазба жұмыста кездесетін стилистикалық-функционалдық белгілерді нақты айқындау т.т. дағдылар – жазудан кейінгі дағдылар қатарына жатады. Бұл кезеңдегі жұмыстар негізінен дайын мәтіндермен жүргізіледі, дәріс алушы дайын мәтіндерді функционалдық және коммуникативтік белгілеріне қарай ажырата білу керек, бұл дағды әртүрлі редакторлық немесе стилистикалық өңдеулер негізінде дамытылады. Қорыта келгенде, жазу болашақ мамандардың кәсіби біліктілігін, лингвистикалық сауаттылығын танытатын маңызды тұстардың бірі. Сауатты жазуды үйрену қандай мамандық болмасын дағдыланатын жалпы филологиялық мәні зор сапалық өлшем болып табылады. Сондықтан оған үйрету, баулу жолдарын жетілдіру – тілдік курстардың басты міндеттерінің бірі.
2. Мақала жазудың айтарлықтай қатаң тәртібі жоқ. Әркім өз түсінігінше, мүмкіндігінше жазады. Дегенмен, мақала баянадауының қалыпты бір рет – тәртібі бар екенін есте ұстап, жадыда сақтаған жөн.
Мақаланың аты жарияланым мазмұнын анық көрсетуі керек. Он сөзден артық ұзын ат беруге болмайды. Себебі мұнджай ұзақ сөйлемді оқырман қабылдамайды, тым қысқа, да ат қоюға болмайды, себебі онда мазмұн айқындалмай қалады.
Мақала әдетте алынған нәтижелерді қай салада қолдануға болатынын бірден ашып хабарлайды.
Келесі кезеңде мәсленің қазіргі жағдайын ашады. Қазір мәселе шешкдегі бар тәсілдері немесе құрылғылар туралы ақпарат беріледі, қайсысы теорияда бар немесе жүзеге асты соны ажырата отыру керек . Шешімдерді баяндаған соң, қойылған міндеттерді шешуде олардың жағымды қасиеттері туралы шолу беріліп, осы шешімдерді кейбір жағдайда пайдалануға жол бермейтін кемшіліктерге сынды талдау жүргізіледі.
Мақалада міндет қойылады. Қолдағы бар құралдары мен туындағанмәселені шешу қиын немесе мүмкіндігі жоқ немесе көп қаржы шығыны кезедсетіні және т.б. айқындалады.
Ұсынылып отырған жаңа шешеімге түсіндірме беріледі, оның қолданбалылығы мен өміршеңділігі дәлелденеді.
Егер жаңа құрылғы ұсынлып отырса, оның негізгі бөлшнктері мен қызметтері сипатталады. Егер жаңа технология ұсынылса, оның негізгі кезеңдері қызметтері менолардың бірізділігі беріледі.
Егер қажеті бар болса, негізгі формулалар мен есептемелер клтіріледі.
Мақалада негізгі қорытындылар баяндалады.: негізгі ғылыми жетістік туралы, ұсынылған жаңа идеяның жағымды тиімділігі, оны пайдаланудың негізгі саласы, оның болашақтағы берер пайдасы және келесі зерттеулердің жүргізілетін бағыттары.
Ең соңында пайдаланылған әдебиеттің тізімі басылады.
Достарыңызбен бөлісу: |