Дәріс №14 Тақырып: Қауіпсіздік және қызметкерлер еңбегін қорғау
Қарастырылатын сұрақтар тізбегі:
1. Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау түсініктері
2. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау
Дәрістің мақсаты:Қауіпсіздікті басқаруға анықтама беру. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы міндеттерін сипаттау. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтауды талдау. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша қауіпті жағдайды болдырмауға көмектесетін бақылаудың өте пайдалы әдісіне тоқталу.
1. Қауіпсіздікті басқару.Өндірістегі қайғылы оқиғаларды және кәсіби сырқаттарды, сонымен бірге денсаулықты қорғау жөніндегі алдын ала сақтандыру іс-шаралары құқықтық қорғау еңбек заңдарында, мемлекеттік сақтандыру туралы ереже жиынтығында, еңбек қауіпсіздігі жайлы стандарттар жүйесінде өз көрінісін табады. Техника қауіпсіздігі үшін жауапкершілік ұйымның басшыларына жүктеледі.
Өндірісте қайғылы оқиғаларды болдырмау үшін қандай мүмкіндіктер бар? Қайғылы оқиғалардың орын алу жағдайларын терең талдау жасаудың арқасында техникалық факторлар оларға сирек жағдайда ғана себеп болатыны анықталды. Көбінесе менеджерді немесе қызметкерлерді алсақ та, барлығы жеке жауапкершілік алудан қорқып, шын себептерін жасырады,
«Еңбек қауіпсіздігі мен қорғау туралы» Заңға сәйкес еңбек қауіпсіздігі дегеніміз – еңбек қызметі барысында жұмысшы әрекетіне келетін зиян және қауіптерді шектей отырып, жұмысшының қорғалу жағдайы.
Еңбек қорғауы – жұмысшының өмірі мен денсаулығын қамтамасыз етуде хұқықтық, әлеуметтік - экономикалық, ұйымдастырушылық - техникалық, санитарлы - гигиеналық, емдік - профилактикалық, қалыптастыру сияқты шараларды қоса атқаратын жүйе.
Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы міндеттері:
еңбек қауіпсіздігі мен қорғау жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
жұмыс орындарындағы және ұжым территориясындағы зиянды өндірістік факторлар туралы жұмысшыларға ақпарат беру
Жұмыс орындарындағы кез келген қауіптердің алдын алып, техникалық жабдықтарды қауіпсіз етуп жаңартаып отыруы тиіс
Жаңа технологияларды енгізу кездерінде жұмысшыларды еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясында нормативтер мен ережелерге сай оқытуды ұйымдастару
Еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты шаралар өткізуге қаражат бөлу
жұмысшыларды өз қаражаты есебінен арнайы киімдермен, аяқкиімдермен және өзін өзі қорғаудағы жеке жабдықтармен қамтамасыз ету
өндірістік процестер мен жұмыстардың қауіпсіздігіне байланысты жұмысшыларды арнайы сақтандыру құжаттарымен қамтамасыз ету
еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы жауапты қызметкерлердің еңбек қауіпсіздігі мен қорғауға байланысты білімдерінөкілетті органдар бекіткен ережелерге сәйкес тексеру
Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес өз қаражаты есебінен мерзімдік бақылаулар мен медициналық тексеруден өткізу, сонымен қатар кәсіби ауырулар туындаған жағдайдағы басқа қызметке ауыстыру
Жұмысшылардың санитарлы - гигиеналық жағдайын, профилактикалық жұмысқа қажетті жабдықтармен, медициналық аптечкамен, басқа да залалсыздандыру құралдарымен сонымен қатар арнайы киімдер мен аяқкиім жөндеуді қамтамасыз ету
Ұйым территориясының еңбек қауіпсіздігі мен қорғаудың қауіпсіздік жағдайын бақылау үшін мемлекеттік өкілетті органдардың территориялық бөлімшелеріндегі заңды тұлғаларды ерікті кіргізуі тиіс, сонымен қатар өнідірсте болған сәтсіз жағдайларды , ауруларды зерттеу үшін
өкілетті орган мен оның аймақтық өкілдіктерін ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы қауіпсіздігі туралы ақпараттандыру
мемлекеттік еңбек инспекторларын қабылдау және орындау
Өндірістегі болған қайғылы жағдайлар мен кәсіби аурулар туралы есеп, сараптама мен тіркеу жасау
Мерзімдік қызметкерлердің қатысуымен бес жылда бір рет өндіріс нысандарын еңбек жағдайына байланысты аттестациялау, сонымен қатар жаңа технологиялар келіп, модернизация жүрген кездері міндетті аттестациялау
Қазақстан республикасының заңнамасына сәйкес жұмысшы денсаулығы мен өміріне келген зияндарды өтеу
Қазақстан Республикасының заңнамасы негізіндегі тәртіп бойынша өндірісте болған қайғылы жағдайларды зерттеуді қамтамасыз ету
еңбек қауіпсіздігі мен қорғауы ережесі мен нормаларына сәйкес эксплуатациядағы барлық негізгі қорларды әкелу
еңбек міндеттерін атқару кезіндегі жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне келген зияндарға жауапкершілікті сақтандыру
жұмысшылар мен мамандардың зиянды және қауіпті жағдайларында гигиеналық білімін арттыруды қамтамасыз ету ( жалпы және кәсіби аурулар жөніндегі санитарлық минимум)
басқа тұлғаларды жарақаттау факторлары мен апат жағдайларын алдын алулы жүзеге асыруды қамтамасыз ету
зерттеу басталғанға дейін егер ол адам өміріне қауіпсіз болса, апат болған сәтті сақтау, егер сол жағдайды сақтау мүмкіндігі болмаса, сол сәтті есте сақтау үшін сызбалар немесе фотосуреттер пайдалану
өндірістегі топтық қайғылы жағдайды тәулік ішінде сәйкес мемлекеттік органға хабарлау, ауыр жағдай немесе өлім туралы
уланған туралы тиісті санитарлық - эпидемиология жөніндегі өкілетті органға хабарлау
Жеке еңбек немесе ұжымдық келісім - шартта ұйым қызметі мен түріне байланысты жұмыс беруішінің басқа да міндеттері қарастырылады .