2. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау. Басқарудың барлық жүйесінде бақылауға жете көңіл бөлінеді. Техникалық қауіпсіздік ережелерінің орындалғанына сенімді болу үшін, әрбір басшы олардың орындалуына бақылау жүргізуі қажет. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша қауіпті жағдайды болдырмауға көмектесетін бақылаудың өте пайдалы 2 әдісіне тоқталамыз: 1. Тұрақты үлгі әдісі. Ол белгілі бағыт бойынша ұйымды тексеріп өтетін және техникалық қауіпсіздік саласындағы кемшіліктерді анықтайтын әдейі оқытылып дайындаған байқаушылардың көмегімен жүргізілетін әдісі. Мұндай мәселені шешуді техникалық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлеріне жүктеуге болады. Мұндағы ең бастысы, техникалық қауіпсіздік ережелерінің бұзылу деңгейі белгілі болуы шарт, оның артуын болдырмау бақылаушының міндеті. Әдіс қауіпті жағдайлардың қайғылы оқиғаларға және қақтығысқа алып баруынан бұрын анықтауға мүмкіндік береді.
2. Сынды жағдайлар әдісі.Ол қауіпті болады ау деген жағдайлардың себебін қызметкерлерден сұрау арқылы білуді қамтиды және бұл әдіс қайғылы оқиғалардың алдын алуға бағытталған.
Жоғарыда айтылғанның барлығы, басшының тікелей стандарттарымен жақсы таныстығын, бұл мәселелердің қаншалықты орындалғанын бағалай алатын, іс жағдайын жақсарту үшін қажетті қадамдарды жасау керек екенін билетін басшылар жайында пікірді білдіреді. Қызметкерлердің іс-әрекеті ұзақ уақыт бойы белгіленген стандартқа сай екендігіне кепілдік беру үшін ол үнемі техникалық қауіпсіздіктің ережелерін бұзбауын тексеріп отырады.
Егер ұйым істі заңдарға және стандарттарға сай жасағысы келсе, онда техникалық қауіпсіздіктің әрбір бұзылуын және олардың дер кезінде тіркелуіне қатаң көңіл аударуы керек.
Қайталауға арналған бақылау сұрақтары: 1. Қайталауға арналған бақылау сұрақтары:
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен қорғау аясындағы міндеттері 3. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау
4. Техникалық қауіпсіздік ережелерін сақтау
Пайдаланатын әдебиеттер тізімі: 1. Стратегия индустриально-инновационного развития РК на 2003 - 2015 гг.
2. Программа по формированию и развитию национальной инновационной системы Республики Казахстан на 2005-2015 годы. - Астана, 2005.
3. Мухамедьяров А.М. Инновационный менеджмент. – М: ИНФРА-М, 2006 г.
4. Хотяшева О.М. Инновационный менеджмент. – СПб.: Питер, 2007 г.
5. Барышева А.В. Инновационный менеджмент. – М.: Дашков и К, 2009 г.
6. Гугелев А.В. Инновационный менеджмент. – М.: Дашков и К, 2008 г.
7. Шемякина Т.Ю. Система управления инновационной деятельностью предприятия. – М.: Флинта, 2007 г.
8. Бовин А.А. Управление инновациями в организациях. – М.: Омега-Л, 2006