Дәріс №1 Тақырыптың аты: химиялық Өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру дәрістің мақсаты: Химиялық өндірісті жобалаудың негізгі сатылары және ұйымдастыру туралы түсінік қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет13/39
Дата24.04.2023
өлшемі0,72 Mb.
#86259
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39
Дәріс №7 
 
Тақырыптың аты: Химиялық кәсіпорындарды жобалаудың арнайы сұрақтары
 
Қарастырылатын сұрақтар:
- Ауаны жылыту, вентиляциялау және кондиционерлеу; 
- Сумен қамтамасыз ету; 
- Канализация; 
- Ғимараттың өртке қарсы қауіпсіздік және жарылыс қауіпсіздігінің шарттары. 
 
Көлемі 3000 м

–тан артық және бірнеше мәрте ауысу арқылы тәулік бойы жұмыс істейтін (2 
немесе 3 смена) химия өндірісінің ғимараттарын жылытқыш-циркуляционный агрегаттарды 
қолдану арқылы ағындық желдету арқылы ауамен жылыту қолданылады. Ағындық желдету 
арқылы ауамен жылыту ауамен қоспа түзгенде жоғары температура әсер бергенде өздігінен 
тұтануы мүмкін қоспалар түзуге бейім парлар мен газдарды және сумен немесе су буымен 


әрекеттескенде, иә болмаса сумен жанасқанда тұтанып жануы мүмкін тозаңдар бөліп шығарумен 
сипатталатын өндірістерде қолданылады (фосфор, бертолетовый тұзы, алюминий пудрасы, 
кальций карбиді және т.с.с.). Мұндай тәсіл қолданылатын ғимараттардың ауасында ауыру 
тарататын микрооргнизмдер, өте қатты улы әсері бар заттар, өте жағымсыз иістер және зиянды 
заттардың концентрациясы өте лезде артып кетпейтін болуы шарт. 
Барлық жайларда меңзелінуіне қарамастан барлығында механикалық, жаратылыстану 
бойынша және аралас желдету жолдары ескерілген болуы керек. Ауаны тарту тазарақ жағынан 
ластаныңқыраған бағытқа қарай жүзеге асырылу шарт (немесе ауаны сырттан тарту керек). 
Сырттан кіргізілініп тұратын ауаның (сорып алынатын жердің ауасы залалданып тұрған жердің 
нүктесінен вертикал бағытта 6 метрден, ал горизонталь бағытта 10-12 метрден кем болмауы шарт) 
температурасын тұрақты ету үшін қосымша жылытқыш приборлар ескерілген болуы тиіс. 
Сондықтан жобалау сатысы кезінде зиянды парлар мен газдардың бөлінетін жерлері және оларды 
жергілікті түрде тартып алып кету жолдары ескеріледі.
Сумен қамтамасыз ету. Химия өндірісінің зауыдтарында таяу маңдағы су көздерінен 
тасылып алынатын таза сулармен өндірістік циклдан кейін тазаланылған сулар қолданылады. 
Өндірістік қажеттілікке қолданылатын суларға кермектілік, тұнбаға шөгетін қоспалардың 
мөлшері (коллойдты бөлшектер) және еріген тұздар және т.б. параметрлер бойынша нақты бір 
талаптар қойылады. Қажетті шартқа сәйкес келетін суға қол жеткізу үшін су сәйкесінше өңдеу мен 
тазалаудан өткізіледі (тұндыру, фильтрлеу, жұмсарту және т.с.с.). 
Градирнилар қолданылады. Айналмалы түрде сумен қамтамасыз ету жүйесін жекелеген 
технологиялық процестің түріне байланысты кешенді түрде жобалау керек. Ол жүйелердің 
құбырлары тіректер, эстакадалар немесе шпалдар арқылы өзге де құбырлармен бірге жүргізілуі 
мүмкін, кейде ондай құбырларды жердің астымен де жүргізуге рұқсат беріледі. 
Канализация. Тұрып қалған тастанды суларды кетіруге арналған канализационный жүйелер 
ашық және жабық қабылдағыш қондырғылардан тұрады (лотоке, трап-ловушка, тазалағыш 
қондырғылардың тұндырғыштары, смотровой колодецтары бар канализационный сеть, 
перекачкалауц станциясы). 
Өндірістік сулар магистральный жүйеге түспес бұры біріншілік тазалаудан өткізіледі 
(қышқылдар мен сілтілерді бейтараптау, өрт және жарылыс қауіптілігі бар заттардан тазарту, май, 
шайыр және т.б. токсинді заттардан тазартылғаннан кейін) содан соң биологиялық тазарту 
құрылымдары мен су қоймаларына қарай бағытталады.
Қысым астында жұмыс істейтін аппараттардан шығарылатын сулар аралық сброс тастайтын 
сыйымдылықтардан өткізіліп барып гидравликалық тығын арқылы ғана канлизацияға ағызылып 
шығарылады. 
Өртті сөндіруге арналған гидранттардың бір-біріне дейінгі аралығы 100 метрден артық 
болмауы керек, ал ол гидранттар ғимараттардың қабырғаларынан 6 метр, ал жол торапынан 2 
метрден артық болатын қашықтықтан алыс орналаспауы шарт. 
Ғимараттың өртке қарсы қауіпсіздік және жарылыс қауіпсіздігінің шарттары
Күкіртсутек, ацетилен, этиловый эфир және т.с.с. ұшқыннан тұтанып кету қаупі бар газды- немесе 
булыауалы қоспалы заттармен жұмыс істелінетін химия өнеркәсібінің кәсіпорындарының 
цехтарының едендерін соққы кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан (известнякты 
толтырғышы бар асфальт, глазурланылмаған керамикалық плитка, қыйын тұтанатын пластик және 
т.с.с.) жасалынуы негізгі шарттардың бірі. 
Бутан, бутилен, пропан, пропилен, дивинил және т.б., көмірсутектер қолданылатын 
цехтардың едендерін соққы кезінде ұшқын шығармайтын материалдардан және осы заттардың 
әсерінен еріп кетпейтін заттардан жасалынуы керек. 
Фонарьы және терезелерге арналған ойықтары бар ғимараттарда түтінді алып шығарып 
кететін түтінге арналған люктері қарастырылған болуы шарт. 
Фонарьсыз өрт қауіптілігі жоғары өндірістерге арналған ғимараттарды түтінде алып кетуге 
арналған люктерін дистанционды ашып-жабу секілді басқару мүмкіндігі бар вытяжной шахталар 
болуы керек. Ол шахталардың люктерінің өлшемі өндірістік жайдың көлденең қимасының 0,2 % 
болады.

Әдебиеттер: Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – 
М.: ИКЦ «Академкнига», 2005. – 60 - 67 б.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет