құжаттардың жиынтығы. Эскиздік жобаны қарастырып және бекітіп алғаннан кейін техникалық
жобаны орындауға кіріседі.
Техникалық жоба – жасақталынудағы бұйымнаң құрылысы туралы толық мәлімет, соңғы
техникалық шешімдер мен жұмысшы конструкторлық құжатты жасақтауға қажетті мәліметтер
келтірілген конструкторлық құжаттардың жиынтығы. Техникалық жоба мақұлданып және
бекітілгеннен кейін тәжірибелік үлгіні, бұйымның бекітілетін сериясын және бұйымның сериялық
(массалық) өндірісінің жұмысшы конструкторлық құжаттарын жасақтау үшін негіз болып
табылады.
Бұйымның тәжірибелік үлгісі – техникалық тапсырмаға сәйкестілігн тексеру үшін және де
бұйымның негізгі бөлшектерін (жекелеген жағдайларда бұйымның тәжірибелік партиясын
даярлап шығарады) жасап шығарудың технологиялық процестерін даярлау мен құжаттарға
қажетті түзетулерді енгізу үшін қайта жасақталынған жұмысшы
конструкторлық құжаттарға
сәйкес даярланған бұйым үлгісі.
Бекітілген серия бұйымы – бұйымның тәжірибелік үлгісін жасап шығарып және оны сынау
нәтижелерінің негізінде жасақталынған құжаттарға сәйкес даярланған бұйым. Мұндай сериялы
бұйым оның техникалық тапсырмаға сәйкестілігін қадағалау, бұйымды даярлаудың
технологиялық процесін тексеру және одан ары қарай құжаттарға қажетті түзетулерді ендіру үшін
қажет.
Сериялық өндірістің бұйымы – біріңғай конструкторлық құжаттарға сәйкес периодты
қайталанатын сериялармен сериялық өндіріс жағдайында жасалған бұйым.
Массалық өндірістің бұйымы - біріңғай конструкторлық құжаттарға сәйкес массалық өндіріс
жағдайында үздіксіз бұйым.
Химиялық өндірістердің қондырғыларын 3 класқа бөлуге болады;
1) аппараттар;
2) машиналар;
3) тасымалдау құралдары.
Меңзелінуіне байланысты
химиялық қондырғыларды әмбебап, мамандандырылған және
арнайы деп бөледі.
Әмбебап қондырғылар – бұл жалпыламалық меңзелінудегі немесе жалпы зауыдтық
қондырғылар. Оларды әртүрлі химиялық өндірістерде ешқандай өзгеріссіз-ақ қолдануға болады.
Ондай қондырғылардың қатарына: сораптар, компрессорлар, желдеткіштер, калориферлер,
центрифугалар,
кептіргіштер, экстракторлар, сеператорлар, сонымен
қатар газ тазалағыш және
тозаң ұстағыш қондарғылар мен тасымалдау құралдары жатады.
Мамандандырылған қ
ондырғылар - әртүрлі модификацияланған бір ғана процеске
пайдаланылады: жылуалмастырғыштар, ректификациялық бағаналар, абсорберлер және т.б.
Арнайы қондырғылар – тек қана бір процесті жүргізу үшін арналған: каландрлар,
вулканизациялық нығыздауыштар, грануляторлар, хлораторлар, сублиматорлар және т.б.
Технологиялық қондырғыларды негізгі және көмекші деп ажыратылады. Негізгі
технологиялық қондырғыларға әртүрлі технологиялық процестерді (химиялық,
физикалық және
т.б.) жүзеге асырып нәтижесінде мақсатты өнім алуға мүмкіндік беретін аппараттар мен
машиналар жатады. Осылайша, негізгі технологиялық қондырғыларға келесі құралдарды
жатқызуға болады: реакциялық-жанасу аппараттары, реакторлар, конветорлар, синтез бағаналары
және химиялық реакциялар жүзеге асатын басқа да аппараттарды, сонымен қатар физика-
химиялық процестер үшін қолданылатын аппараттар мен машиналар – абсорберлер,
экстракторлар, ректификациялық бағаналар, сатурациялық мұнаралар, кептіргіштер, буландыру
және жылуалмасу апараттары, вальцалар, каландрлар, нығыздауыштар және т.б.
Көмекші қондырғылардың қатарына сыйымдылықтарды, резервуарларды, сақтағыштарды
және т.б. жатқызуға болады.
Әдебиеттер:
Под. ред. Михайличенко А.И. Основы проектирования химических производств. – М.: ИКЦ
«Академкнига», 2005. – 67 -71 б.
Достарыңызбен бөлісу: