Дәріс 1 Заттың құрылымы Молекула құрылысы. Полярлы және полярлы емес молекулалар


Электрондық және атомдық полярланулар температурадан тәуелсіз



бет2/3
Дата28.01.2023
өлшемі39,06 Kb.
#63485
1   2   3
Байланысты:
Ä?ð³ñ 1 Çàòòû? ??ðûëûìû Ìîëåêóëà ??ðûëûñû. Ïîëÿðëû æ?íå ïîëÿðëû

Электрондық және атомдық полярланулар температурадан тәуелсіз.

Бағытталу полярлануы абсолюттік температураға кері пропорционал, себебі молекулалардың ретсіз жылулық қозғалыстары бағытталуды бұзады:


aбағ = ( 1.5 )
m - диполь моменті.
k – Больцман тұрақтысы
Молекулалары полярлы және өзіндік диполь моментімен сипатталатын заттар үшін, сондай-ақ бағытталу поляризациялары Дебай теңдеуімен өрнектеледі:

немесе
( 1.6 )
e– диэлектрлік тұрақтысы, М заттың молекулалық массасы, r –тығыздық
NaАвогадро тұрақтысы, k – Больцман тұрақтысы, Табсолюттік температура
П – молярлық поляризация, m – диполь моменті, a– полярланғыштық
Дебай теңдеуін пайдалана отырып, белгілі e, М және r-ның мәндері бойынша молекулалардың полярлануын, диполь моментінің мәнін анықтауға болады.
Полярсыз молекулалардың поляризациясы m=0 және температурадан тәуелсіз:
( 1.7 )
Теңдеу келесідей түрде болады :
( 1.8 )
Клаузиус-Моссоти теңдеуі (1.8) полярсыз молекулаларға тән.
Жоғарыдағы поляризация механизмдері тұрақты сыртқы электр өрісінде қарастырылды. Бірақта поляризация ауыспалы электр өрісінде болуы мүмкін. Сыртқы ауыспалы электр өріс жиілігінде n>1015 с-1 тек электрондық поляризация сақталады. Шексіз үлкен толқын ұзындығында диэлектрлік өткізгіштік сыну көрсеткішіне тең екенін ескерсек e=n2 мольдік рефракция RMэлектрондық поляризацияны көрсетеді және Лоренц- Лоренц теңдеуімен өрнектеледі:
( 1.9)
Лоренц- Лоренц теңдеуі көрінетін және УК-аймақа сәйкес жоғары жиілікті ауыспалы электр өрісі үшін орындалады және сыну көрсеткішін өлшеуге негізделген зерттеулер мен сараптау әдістері – рефрактометрияның негізі болып табылады.

§ 1.2 Молекулалардың рефракциясы
Мольдік рефракция RM электрондық поляризацияны көрсетеді және Лоренц- Лоренц теңдеуімен ( 1.9 ) өрнектеледі:

RM – мольдік рефракция, м3/ моль n – сыну көрсеткіші Мзаттың мольдік массы
r– тығыздық
Молекулалардың рефракциясын аддитивтілік ережесі бойынша да есептеуге болады:
( 1.10 )
Rат– атомдар рефракциясы, Rбайбайланыстар рефракциясы
Атомдар, байланыстар рефракция мәндері тәжірбиеде анықталып, кестеде келтірілген. Тәжірбиелік және аддитивтілік ережемен табылған мольдік рефракция мәндерін салыстыра отырып, заттың құрылысын, электрондық поляризациясын, молекулалардың диполь моментін, өлшемін (радиусын) анықтауға анықтауға болады.
Заттың бір грамына қатысты рефракция, меншіктірефракция деп аталады:
( 1.11 )
r–меншікті рефракция.
Заттың сыну көрсеткішін және тығыздығын біле отырып, заттың негізігі сипаттамасы мольдік рефракцияны анықтауға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет