Дәріс №13 Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 1898) шығармаларының көркемдігі мен бейнелілігі


ТАҚЫРЫПҚА бөлуге болады.  1. Ғибрат, нақыл



Pdf көрінісі
бет2/12
Дата18.04.2023
өлшемі482,56 Kb.
#83754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс 13,14,15

ТАҚЫРЫПҚА бөлуге болады
1. Ғибрат, нақыл: «Ер көгерер дұғамен», «Жақсы адам қартайса», «Жолдас болса
2. жақсымен». 
3. Арнау өлеңдер: «Ахмет төреге», «Тұрлыбекке» т.б. 
4. Дастан, мысалдар: «Қасқыр», «Тотынама», «Аңқау мен қу» т.б. 
5. Айтыстар: «Құлыншақ»,«Сүйінбай», «Ұлбике», «Мәделі Жүсіпқожаұлы» т.б. 
Майлықожа жеке басының тұрмыс тіршілігін қысқа өлеңге айналдырып, оған әлеуметтік 
астар беріп адам арасындағы теңсіздікті жеткізе білген ақын. Майлықожа ислам дінін 
дәріптеп, өлең арқылы оны халыққа жеткізе білген. Ақынның дін-ислам тақырыбында бес 
жүз жолға жуық он бір шығармасы бар, атап айтсақ:
«Алланың соққан имраты» 
«Алал, арам деген бар» 
«Дүниеге көңілім сүйнерсің» 
«Адал дінің, иман дүр» 
«Он сегіз мың әлем халық» 
«Жаратқан құдай пәндесін» 
«Иман таппақ шын дәулет» 
«Тіліме жат алайын бісмілләні». 
«Өнермен өзін берген». 
Бұл өлең жыр, толғауларын алып қарастыратын болсақ, өзінің Ұлы ұстазы Қожа Ахмет 
Яссауи жазып қалдырған «Кемелдік кешені» уағыздайтын қанағатшылдық,адалдық, 
әділдік, әдептілік, төзімділік секілді адамгершілік мұраттарын жырлаумен ерекшеленеді. 
Бұл жерде Майлықожаның ислам дінінің тарихын терең білетіндігін байқаймыз, сонымен 
қатар адамның өмір тіршілігімен байланысты екенін анық айта білген.


Мәселен: Алланың соққан имраты 
Өле-өлгенше шыдайды, 
Адам соққан имрат, 
Аз пұрсатта құлайды 
- дегені, дін-шариғат жолы ақиқат жолы екендігіне көз жеткізеді. 
Майлықожа шығармаларында ең көп жырланған тақырыптардың бірі - адамгершілік 
мәселесі.
Мысалы: Өңкей жақсы қосылса, 
Бітіреді кеңесті. 
Өңкей жаман қосылса, 
Шығарады егесті 
Немесе 
Жаман сөйлер халықтан, 
Бастағы мінін жасырып. 
Жақсы сөйлер халыққа, 
Қызметін асырып 
Немесе: Жақсы адам қартайса, 
Көкірегі хат болар. 
Жаман адам қартайса, 
Бықсып жатқан шоқ болар – деп адам бойындағы жақсы, жаман қасиеттерді саралап
салыстырып көрсетеді. 
Ал, "Жақсы болсын жұбайың" толғауында жақсы жар мен жаман қатынның арасы жер 
мен көктей дей келіп, ақын шығармасын:
Жаман қатын жігіттің, 
Тайдырады табанын, 
Тар қылады заманын. 
Жақсы қатын жігіттің, 
Адам қылар жаманын, 
Ұшқыр қылар шабанын, 
Немесе: Жақсы болса алғаның, 
Қоғамды болар жан-жағың. 
Жаман болса алғаның, 
Үйіңнен кетпес жанжалың – деп жігіттің жақсы-жаман болуы жақсы жарға байланысты 
екендігін және сол үшін отбасында қыз балаға жақсы, өнегелі тәрбие берілу керек 
екендігіне айрықша назар аударады.
Ақынның «Ілімге толсын көкірек», «Жөн білсең, жолдасыңа жоба көрсет», 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет