нақыштар, бейнелік мәселелері Базар жыраудың әдеби әдісі Шортанбай, Дулаттарға ұқсайды. Бірақ стилі бөлек.
Шортанбайда реалистік – сатиралық арна елеулі. Оның романтизмі әдеби тәсілінде
емес, идеясында. Ал Базар жырауда романтикалық образдау мен идея бірлескен. Тілі
мейлінше тартымды, ұғымды, көпшіл. Метафоралары халық поэзиясына жақын. Ақын
замана қайшылықтарын жинақтай отыра үлкен образ жасайды. Онысы заманды шенеу
ғана емес, іздену, күрес, сарынымен де байланысты. Осы сипаттарына қарап біз Базар
поэзиясы романтикалық толғаудыың 19 ғасырдың аяғындағы өзгеше бір көрінісі дейміз.
Идея жағынан Базар жырау кейбір ескішіл бағыттағы ақындар секілді пайғамбар
заманын аңсамайды. Өз дәуірінің үлкен аңғарын танып, сол қайшылықтан шығудың
жолын іздейді, тулайды, бұлқынады. Романтикалық толғаудың тіл мен мазмұн бірлігіне
негізделген Базар шығармаларының шынайылығы, көркемдігі, образдылығы оның
поэзиясының басты ерекшеліктерінің бірі.
Ақын өлеңіне бейнелілік пен суретшілік тән. Ол неше бір поэтик тілдерді әсірелеу, теңеу, эпитет, метафора қолданады. Адам тұлғасын, сырт пішін, кескін-келбетін
суреттеуде болсын ақындық шабыт поэтик тіл айшықтары белес береді.
Азу тілі ақсиған,
Ор қояндай қақсиған.
Көзі ақықтай сүзілген,
Тісі ақ маржандай тізілген.
Келісті келген кер миық… -деп сұлудың сырт пішінін – портретін
танытқандай сөз тізбелейді.
БАЗАР ЖЫРАУДЫҢ творчествасын айқындай түсетін ДАСТАНДАРЫ: «Әминә қыз», «Айна –тарақ», Мақпал-Сегіз» және «Жүсіп –Ахмет». «Әминә қыз» сиқыр күшке сенетін шығыс тақырыбына арналған шығарма.Бағдат
шаһарындағы бір жігіт әкеден қалған мол байлықтың арқасында Әминә атты бір қызға
үйленеді. Жігіт алған жарын қанша ықылас, кең пейіл көрсеткенімен кенет әйеліне тосын
мінез пайда болып, ұйықтамайтын, тамақ ішпейтін күйге түскен. Мұның себебін білу үшін
жігіт өтірік ұйықтаған болып, аңдып жатады. Әйелі түн ортасында орнынан тұрып, қаланың
сыртына қарай жүре берген. Қаладан оқшауырақ көп бейіттің ішіне кіріп, жаңадан көмбеген
бір өлікті алып жей бастайды. Бұл сұмдықты көрген жігіттің жаны түршігеді. Ертеңіне
қызметкерлері пісіріп неше түрлі тәтті тағамдарды әкелгенде, әйелі дәм татпаған, сол кезде
жігіт әйеліне түндегі көргендерін айтады. Сөйтіп, жеті жыл ит болып, көп азап шегіп,ақыры
бір қыздың жәрдемімен адам қалпына келіп, сол қызға қайта үйленген. Бұл әйел дуамен
Әминаны байтал бейнесіне айналдырып жіберген. Жігіт байталды мініп, күнде базарға
барып, жол-жөнекей байталды шыңғыртып сабаумен болған. Айуанға қатты азар беретін
жігіт туралы патшаға арыз түсіп, жігітті шақыртқан. Патшаға мән-жайды сұрағанда жігіт
жоғарыдағы оқиғаны баяндап: «Жеті жыл ит болдғаным еске түседі, байталды ұратын
себебім сол»-деп жауап береді.
Бұл шығарма халық ауыз әдебиетіне тән шығарма. Себебі сюжеті фольклорға тән
құрылған. Мысалы Әмина қыздың байталға айналып кетуі. Бұл халық ауыз әдебиетіндегі
қиял-ғажайып ертегілерде кездесетін құбылыс. Осыдан-ақ бұл дастаннан фольклорлық
сипаттарды байқауға болады. Ақын бұл шығармасында әділдік, адалдықты бірінші орынға
қояды және шығармасын әділдік жеңеді деген шешіммен аяқтайды.