Дәріс №13 Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 1898) шығармаларының көркемдігі мен бейнелілігі



Pdf көрінісі
бет4/12
Дата18.04.2023
өлшемі482,56 Kb.
#83754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс 13,14,15

АЙТЫСТАРЫ
 
Майлықожа ақынның Сүйiнбай, Мәделқожа Жүсіпқожаұлы, Күдеріқожа, Құлыншақ, 
Айман-Гүлханым, Ұлбике, қырғыз ақыны Жаныстармен сөз сайыстыруы ақынның ойлы
шындықты ту еткен бiлiмдi шайыр екенiне көз жеткiземiз. 
Мысалы, замандасы Құлыншақ ақынның: 
«Майлы, Майлы дегенмен май болмадың, 
Жұрттан алып жегенмен бай болмадың» - дегеніне Майлы ақынның лезде сөз тауып: 
Сен Құлыншақ болғалы талай болды. 
Не құлын, не жабағы тай болмадың. 
Немесе Гүлханым арудың: 
Кедей қызды жылқысы көп бай алады-деген әзiлiне: 
Майлықожа: Бибiмiз тегiн қызды күндемейдi, 
Алдың деп мұны қайдан үндемейдi. 
Батыр бiр оқ, бай бiр жұрт бәрi бекер, 
Дүниенiң байлығы тiлде дейдi, - деп орнықты, ойлы жауап бердi. 
Қырғыздың Асыл деген байының тойында қазақ ақындары бет қаратпаған Жанысты
тарих жолымен жiпсiз байлап: 
Молдалар кiтап оқып мән айтады. 
Бiлмесе бекер сөздi неге айтады. 
«Қыс-асыл әмбиенiң» кiтабында 
Қырғыздың ата тегiн ит деп айтады – деп иттей қапқан Жаныc ақынды Жолбарыстай
талауы Майлының мықтылығы. Бұхара, Самарқанда, Ташкентте бiлiм алғандығының 
септiгi. 


Патша үкіметінің Қазақстан мен Орта Азия халықтарын өктемдікпен құлға айналдыру 
әрекетіне оңтүстіктің күнгей ақыны Майлықожа да қарсы екендігін өзінің жыр
жолдарымен жеткізе білді. 
Жапалақ тудың сұңқардан, 
Жалтақтап жауға шабалмай 
деп жырлағаны. 
Майлықожаның "Шалқып жатқан жерім-ай", "Қабіріңе айтар зарым бар", 
"Қонысты орыс алғанда", "Заманың қырын боп кетті" - деген жыр жолы, Ресей 
бодандығына қарсы екендігін анық көрсетеді.
немесе:
Жеріңнің қамын ойла жұрт, 
Желкеңе мұжық мінді енді. 
Қонысыңнан айрылсаң, 
Мал жимаққа сын болды 
– деген ақын жырларынан, амалы таусылып, ертеңгі күннен үмітін үзіп тоқырай тоқтағанын 
көруге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет