Дәріс №13 Майлықожа Сұлтанқожаұлы (1835 1898) шығармаларының көркемдігі мен бейнелілігі



Pdf көрінісі
бет7/12
Дата18.04.2023
өлшемі482,56 Kb.
#83754
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Дәріс 13,14,15

«Айна-тарақ» сюжеті шымыр құрылған шығарма. Бұл да шығыс тақырыбына 
арналған. Ағайынды үш жігіт бір қызға ғашық болады. Бірақ бірін-бірі білмейді. Үш жігіт 
мал саудасымен ұзақ жолға жүрмек болып, әрқайсысы жеке- жеке қызға келіп: «көңіліңе 
ұнаған нәрсеңді айт, әкеп беремін»- дейді. Қыз жігіттердің үлкеніне кілем алуды, 


ортаншысына айна, ең кішісінеғ тарақ әкелуді ұсынған. Бір ай жол жүріп Бұхара шаһарына 
жетіп, базарға айдап барған малдарын сатып болған соң,үлкен мың ділджәға кілем, 
ортаншысы мың ділдәға айна, кішісі үш мыңға тарақ сатып алады. Кілемді мініп алып 
ұшуға, айнаны биік жерге қойып дүниенің төрт бұрышын көруге, ал тарақты кеудесіне 
қойса үш күн бұрын өлген кісі тірілетін. Айнаның кереметін көру үшін биік жеге қойып, өз 
ауылдарына көз салады.Үш жігіт кілемге мініп алып ұшып, жаназа тарқамай-ақ елге 
жеткен. Тарақты кеудесіне қойған кезде өлген қызға жан еніп, түрегелген. Тірілген қыз 
жігіттердің біреуіне ғана берілуі тиіс. Жігіттердің әрқайсысы өзінін алғанын орынды көріп, 
қызды бір-біріне қимай көп таласады Бұл таластың түйінін шешіді хан қазылар алқасына 
тапсырған. «Айна тарақ» оқиғасы қызық. Жырдың жатық кезінде ел жыршыларының 
жаттап алып, көп жиналған жерлерде айтып жүргені анық. Бұл шығармадан да 
фольклорлық сипаттарды тануға болады. Бұл дастанда қиял-ғажайып оқиғаға құралған. 
Мысалы өлген қыздың қайта тіріліп, өмір сүруі. Ақын шығарманың соңында болған 
шиеленісті оқиғаны дастандағы кейіпкерлердің яғни билердің шешуіне береді. Дастандағы 
оқиға жақсылықпен аяқталады. Бұл ақынның көркемдік шеберлігі. 
«Мақпал-Сегіз» дастаны Базар дастандарының ішіндегі ең көркемі. Бұл жырдың 
тақырыбы жастардың бас бостандығы, махабат, сүіспеншілік. Феодалдық қоғамда 
сүйгеніне қосыла алмаған жастардың өмірін жыр етеді. «Мақпал –Сегіз» негізінен халық 
жыры. Жырдың бірнеше нұсқасы бар, бәрінің тақырыбы бір болғанымен, оқиға желісі, даму 
жолдары, шығарманың шешілуі басқа-басқа. Бір нұсқасында Жабы мен Сегіз достасып, 
Мақпалды Сегіз алып, Сегіз өзінің қарындасын Жабыға қосады. Кейбір жырларда Жабыны 
қалмақ батыры етіп көрсетеді. Базар жырлаған нұсқада Жабы қарақалпақ батыры. Тұратын 
жері- Дәуқара. Ал Мақпал мен Сегіз Сыр бойын мекендеген елдердің қыз- жігіттері. 
Халық жыры «Мақпал-Сегізді» Базар өзінше жырлайды. Бұл жырды оқып отырып, 
толау алыбы Базардың стилі, тіл ерекшелігінен көруге болады.
Жырда халықтың тұрмыс-тіршілігі кең суреттеліп, әсем бейнеленген. Жылқы айдап қырға 
отар кеткен Сегіз қайтіп келген ел ақтап қыз таңдаған қарақалпақ Жабы батыр қалың беріп 
қызды алмақшы боады. Қыз ағалары келісім берген. Жас шағынан бірге өсіп, бір-бірін 
сүйген Мақпал мен Сегіздің байласқан уәдесі бар. Мақпал –жалғыз.Тағдыр алдында әлсіз 
жол тауып, жөн сілтейтін жанашыры жоқ. Қорыта келгенде, «Мақпал-Сегіз» жырында бас 
бостандығын аңсаған екі жастың мөлдір махаббаты жырланған. Қызын теңіне бермей, 
малға берген кер заманның шындығы көркем бейнеленген. Демек, Базар жырау тек 
толғауар ғана емес, көлемді дастандар да жырлаған ақын екеніне көз жеткізуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет