Мәселен: Алланың соққан имраты
Өле-өлгенше шыдайды,
Адам соққан имрат,
Аз пұрсатта құлайды
- дегені, дін-шариғат жолы ақиқат жолы екендігіне көз жеткізеді.
Майлықожа шығармаларында ең көп жырланған
тақырыптардың бірі - адамгершілік
мәселесі.
Мысалы: Өңкей жақсы қосылса,
Бітіреді кеңесті.
Өңкей жаман қосылса,
Шығарады егесті
Немесе
Жаман сөйлер халықтан,
Бастағы мінін жасырып.
Жақсы сөйлер халыққа,
Қызметін асырып
Немесе: Жақсы адам қартайса,
Көкірегі хат болар.
Жаман адам қартайса,
Бықсып жатқан шоқ болар – деп адам бойындағы жақсы,
жаман қасиеттерді саралап,
салыстырып көрсетеді.
Ал,
"Жақсы болсын жұбайың" толғауында жақсы жар мен жаман қатынның арасы жер
мен көктей дей келіп, ақын шығармасын:
Жаман қатын жігіттің,
Тайдырады табанын,
Тар қылады заманын.
Жақсы қатын жігіттің,
Адам қылар жаманын,
Ұшқыр қылар шабанын,
Немесе: Жақсы болса алғаның,
Қоғамды болар жан-жағың.
Жаман болса алғаның,
Үйіңнен кетпес жанжалың – деп жігіттің жақсы-жаман болуы
жақсы жарға байланысты
екендігін және сол үшін отбасында қыз балаға жақсы,
өнегелі тәрбие берілу керек
екендігіне айрықша назар аударады.
Ақынның
«Ілімге толсын көкірек», «Жөн білсең, жолдасыңа жоба көрсет»,
Достарыңызбен бөлісу: