Би мен болыс басының пайдасында,
Парасын ап дүниені жиямын деп.
Бейбақтардың басына бақ қылып жүр,
Арам жеңіп, адалды жақ қылып жүр.
Ақша беріп, билерді антқа салсаң,
Мөрін басып, қара істі ақ қылып жүр,- дейді
«Ескі мырза, манаптар бегі, салы» арнау
өлеңінде.
«Ұрлықтың түбі қорлықты» атты толғауында
Майлықожа ақын «есің болса,
ұрлық жасама» дей келіп, барымтамен күн көріп келгендерді:
Ұрлығыңды тыймасаң,
Тобаңнан көңілің жаңылып,
Саныңа кісен тағылып,
Тескентаудан асарсың.
Артыңа байлап шалаңды,
Жат елдің шаңын басарсың,- деп сақтандырады.
Енді бірде: Ерінбей бейнет еткеннің,
Еңбегі дейді жанады.
Жақсы болып өседі,
Осылай қазақ деседі,- деп жастарды еңбекке баулиды.
Ақын Майлықожа Сұлтанқожаұлы
«Қоян жылы жаумады көктен жаңбыр», «Жылдың
төрт мезгілі», «Есі кеткен ел байғұс» толғауларында табиғат құбылыстарын қазақ
ауылдарының тұрмысымен байланыстыра жырлайды, сол арқылы замана
шындығын, дәуір
көрінісін суреттейді.
Мысалы: Төрт ай қыстан жаз шықты өлмегенге,
Ондай қыс туған емес ел дегенге.
Қысы жұт, көктем балық қиыншылық,
Ұшырады ел екі тосат көлденеңге.
Достарыңызбен бөлісу: