Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет53/88
Дата28.10.2022
өлшемі176,17 Kb.
#45963
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88
Байланысты:
Анат лекция

2.Анималды нерв жүйесі қаңқа мен кейбір ішкі ағзалардың (тіл, көмей, жұтқыншақ) ерікті бұлшықетін нертендіреді.
Вегетативті нерв жүйесі симпатикалық және парасимпатикалық боп 2 - ге бөлінеді. Симпатикалық жүйе организмнің барлық бөліктерін, ал парасимпатикалық тек белгілі бір аймағын нервтендіреді.
Нерв жүйесі топографиялық принцип бойынша орталық және шеткі бөлімдер немесе жүйелер деп 2-ге бөледі. Орталық нерв жүйесіне сұр және ақ заттан тұратын жұлын мен ми, ал шеткі нерв жүйесіне барлық қалғаны, яғни нерв түбіршіктері, түйіндері, өрімдері, шеткі нерв ұштары, т.б. жатады.
Жұлын мен мидың сұр заты - нерв жасушаларының жиынтығы. Ақ зат дегеніміз - миелмн қабығымен (осыдан оның түсі ақ) жабылған және жеке орталықтарды өзара байланыстыратын нерв талшықтары (нерв жасушаларының өсінділері), яғни өткізгіш жолдар.
Нерв жүйесінің организмдегі бүкіл тіршілік үрдісін басқаратын жоғарғы бөлігі-ми қыртысы.
Жұлынның құрылысы. Жұлын, medulla spinalis, гр. myelos, омыртқа өзегінде жатады. Ересек адамда ұзын (ерлерде – 45 см, әйелдерде 41-42 см), салмағы 34-38 гр., диаметрі – 1 см ұзынша түтік, төменгі ұшы үшкірленіп, ат жалына ұқсаған. Алдынан артына қарай біршама қысыңқы цининдр тәж тәрізді, ол жоғарыда тікелей сопақша миға ауысып, төменде конус тәрізді сүйірлене, 2-ші бел омыртқа деңгейінде аяқталады (жұлыннан сұйықтық алғанда немесе жұлын арқылы анестезия жасағанда белді тескен кезде инені 3-ші және 4-ші бел омыртқаның қылқанды өсінділері арасынан енгізу керек). Конустан төмен қарай жұлынның қалған бөлігі атрофияланған соңғы жіппен аяқталады, ал соңғы жіп төменгі жағында жұлын қабықшасының жалғасынан тұрады және 2-ші құймышақ омыртқаға бекиді.
Жұлынның бойында қол мен аяқ нервтерінің түбіршіктеріне сәйкес екі буылтық бар: 1) жоғарғы – мойын буылтығы; 2) төменгісі – бел - сегізкөз буылтығы. Мойын буылтығы күшті дамыған, бұл еңбек ағзасы ретіндегі қолдың күрделірек нервтенуіне байланысты. Алдыңғы және артқы бойлық сайлармен жұлын екі симметриялы-оң және сол жақ жартыға бөлінеді, олардың әрқайсысында да артқы түбіршіктердің кірер сызығы мен алдыңғы түбіршіктердің шығар сызығы бар. Бұл сайлар жұлын ақ затының әрбір жартысын 3 жіпшеге бөледі: алдыңғы, бүйір және артқы. Жұлынның екі жағынан екі бойлық қатармен жұлын нервтерінің түбіршіктері шығады, алдыңғы түбіршік – қозғалыс, артқы түбіршік – сезімтал нейрондарның өсінділерінен тұрады. Жұлыннан біршама қашықтықта қозғалыс түбіршігі сезімтал түбіршікке жанасып, жұлын нервінің сабауын түзеді, невропатологтар оны жіпше деп атайды. Жұлын түйіндерінде синапстар болмайды, өйткені бұл жерде тек афферентті нейрондардың денелері жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   88




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет