Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


Жұлынның ақ заты, substantia alba



бет103/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   180
Байланысты:
2 сем

Жұлынның ақ заты, substantia alba, нерв талшықтарының 3 жүйесін құрайтын нерв өсінділерінен тұрады:

1) Түрлі деңгейде жұлынның өзінің бөліктерін байланыстыратын ассоциативті қысқа будалары – жұлынның меншікті аппаратына жатады.

2) Ұзын, орталыққа тепкіш (сезімтал, афферентті )будалар.

3) Ұзын орталықтан тепкіш (қозғалтқыш, эфферентті) будалар.

2-ші, 3-ші будалар мимен екі жақты байланыстардың өткізгіш аппаратын құрайды.

Жұлынның сегменттік аппараты.Сегменттік аппаратқа – сұр зат, алдыңғы түбіршік, артқы түбіршік, ақ заттың сұр затты қоршап жатқан меншікті будалары кіреді. Жұлынның сегменттік аппараты мидан бұрын пайда болғандықтан, оның атқаратын қызметі-эволюция үрдісінде бұрын пайда болған сыртқы және ішкі тітіркендірулерге жауап реакцияларды, яғни туа пайда болған реакцияларды іске асыру. Жұлында 31 сегмент бар. Олар топографиясы жағынан 8 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 1 құйымшақ сегменті боп бөлінеді. Нерв сегменті аумағында қысқа рефлекс доғасы тұйықталады.

Нерв талшықтары будаларға топтасады да, ал будалардан жай көзге көрінетін артқы, бүйір, алдыңғы жіпшелер құралады. Ақ зат жіпшеден басқа орталық аралық заттың алдында талшықтардың айқасуынан түзілетін ақ дәнекерде орналасады, артында ақ дәнекер болмайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет