2. Жұлынның торлы қабығы,arachnoidea spinalis, іш жағынан қатты қабыққа жанасып жатады, одан субдуралды кеңістікпен бөлінген. Торлы қабықпен жұлынды тікелей жауып тұратын жұмсақ қабық арасында торлы қабық астындағы кеңістік бар. Онда көп мөлшерде жұлын-ми сұйықтығымен қоршалған жұлын мен нерв түбіршіктері бос орналасқан.
Торлы қабықасты кеңістігін толтырып тұрған сұйықтық ми қарыншаларындағы сұйықтықпен үздіксіз қатынаста болады.
Жұлынның бүйір жақтарында фронталды жазықтықта алдыңғы және артқы түбіршіктер аралықтарынан өтетін 19-23 тісті байлам орналасқан, олар миды ұзына бойына созылуға мүмкіндік бермей, бір орнында бекіту үшін керек.