3. Жұмсақ қабық, pia mater spinalis, бет жағынан эндотелимен жабылған, жұлынды тікелей қоршайды. Оның 2 жапырақшасы арасында тамырлар бар,олар тамырлардың айналасында периваскулярлы лимфалық кеністік түзеді. Жұлын сайлары мен ми затына енеді.
ДӘРІС №31
ТАҚЫРЫБЫ: Бас миы және оның бөліктері.Ми бағаны.Сопақша ми,артқы ми,көпір және мишық
Мидың құрылысы. Ми бассүйек қуысында орналасқан және пішіні бас сүйек пішініне сәйкес келеді, оның жоғарғы-латералды немесе дорсалды беті бас сүйек күмбезіне сәйкес дөңес, ал төменгі беті немесе ми негізі біршама жалпайған, тегіс емес. Мидың 3 ірі бөлігі бар: 1) Үлкен ми; 2) мишық; 3) ми сабауы; Ең көп бөлігі үлкен ми, одан кейін мишық, аз бөлігі ми сабауы.
Үлкен ми сыңарларының жоғары – латералды беті. Үлкен ми екі сыңардан тұрады. Екі ми сыңары бір-бірінен сагитталды аралық саңылау арқылы бөлінеді. Олардың ортасын сүйелді дене қосып тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |