Қысқа тармақтар :
1) Артқы жауырын нерві - жауырынды көтеретін бұлшық ет;
2) Ұзын кеуде нерві - алдыңғы тісті бұлшық ет;
3) Жауырын үсті нерві- қылқанүсті және асты бұлшық еті мен иық буыны қапшығы.
4) Медиалды және латералды кеуде нерві- үлкен және кіші кеуде бұлшық еті.
5) Бұғана асты нерві- бұғана асты бұлшық еті
6) Жауырынасты нерві - жауырынасты бұлшық еті, үлкен дөңгелек бұлшық ет, арқаның аса жалпақ бұлшық еті
7) Қолтық нерві- дельта тәрізді, үлкен дөңгелек бұлшық ет, иық буыны.
Ұзын тармақтар. Алдыңғы тармақтар бүккіштер мен пронаторлар үшін бұлшықет - тері нерві, барлық бүккіш бұлшықеттерді нервтендіреді.
Кеуде нервтерінің алдыңғы тармақтары қабырғааралық нервтер деп аталады,өйткені олар қабырға аралықтарымен өтеді, тек ХІІ тармақ қана ХІІ -ші қабырғаның төменгі жиегімен өтеді (қабырғаасты нерві). Жоғарғы 6 қабырға -аралық нерв төстің жиегіне дейін жетеді, төменгі 6 нерв іш қабырғасы қаба -тына өтіп, сол жерде көлденең және қиғаш бұлшықеттер арасымен өтіп, іштің тік бұлшықетіне барады. Қабырғааралық нервтер өз жолында кеуде және іш қуыстары қабырғасындағы барлық вентралды п/б бұлшықеттер үшін бұлшықеттік тамақтар береді, өкпеқап пен ішастарды нервтендіруге қатысады.
Достарыңызбен бөлісу: |