Сегізкөз өрімі, plexus sacralis - ең маңыздысы, ол IV-ші (төменгі) және V- ші бел нервінің алдыңғы тармағынан және 4 сегізкөз нервтерінің (S1 –SIV) алдыңғы тармақтарынан құралады. Өрім нервтері бір - бірімен қосылып, кіші шонданай тесігі арқылы жамбас астауы қуысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді. Сегізкөз өрімінен шығатын тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді: қысқа тармақтар аяқ - бел аймағын, ал ұзын тармақтар бүкіл аяқтар нервтендіреді.
Төменгі бөксе нерві - үлкен бөксе бұлшықетін, жамбас - сан буын қабын нервтендіреді.
Жыныс нерві (SI - SIV) кіші шонданай тесігі арқылы кері жамбас астауына барады, одан әрі аттас артериямен бірге шонданай – тікішек шұңқырының бүйір қабырғасымен өтеді. Осы шұңқырда одан төменгі тік ішек нерві шығады, ол сыртқы қысатын бұлшық етті және артқы тесік айналасындағы теріні нервтендіреді. Шонданай бұдыры деңгейінде жыныс нерві 2 тармаққа бөлінеді: