І – ші жұп, иіс сезу нервтері, n.olfactorii. Мұрын қуысының сезімтал жасушаларының өсінділері 15-20 жіңішке нерв жіптерін түзеді. Олар торлы сүйектің тесіктері арқылы мұрын қуысының жоғарғы қабырғасынан ми сауытына өтіп, иіс сезу буылтығын түзеді, ол иіс сезу жолына созылады.Одан әрі иіс сезудің ми қыртысындағы орталығы – самай үлесіне барады.
ІІ – жұп, көру нерві, n.оpticus, ең жуан нерв, ол көз алмасының артқы полюсінен шығып, көру өзегі арқылы бассүйек қуысына кіріп, қарсы жақтың дәл осындай нервімен айқаспа түзеді (айқаспа толық емес, нервтің тек медиалды талшықтары айқасады). Кейін көру жолдары арқылы қыртыс астындағы көру орталықтарына барады - латералды иінді дене мен ортаңғы мидың жоғарғы төмпешіктеріне, бұл орталықтардан нервтер көрудің қыртыстық шеті – ми сыңарларының шүйде үлесіне барады.
Достарыңызбен бөлісу: |