Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет149/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   180
Адреналды жүйе тобы

Бүйрекүсті безі, glandula suprarenalis s .adrenalisжұп ағза, бүйректің жоғарғы шетінле жатады. Оның массасы 4 г, вертикалды d- 30-60 мм, көлденең диаметр і- 30мм, алдыңғы-артқы диаметрі-4-6 мм, түсі сарғылт немесе қоңырлау. Бездердің алдыңғы бетінде бір немесе бірнеше сай болады. Олар қақпа деп аталады, қақпа арқылы безден вена шығып, артерия кіреді.
Құрылысы. Бүйрек үсті безі сыртынан қапшықпен жабылған, одан без ішіне қарай қалқалар шығады. Без сарғыш түсті қыртыс және қоныр түсті милы қабаттан тұрады. Қыртыс зат түрлі гормондар өндіретін үш аймақтан тұрады. Милы зат адреналин мен норадреналин өндіретін жасушалардан тұрады. Олар хром тұздарымен сары қоңыр (хромаффинді) түске боялады және онда көптеген миелинсіз нерв талшықтары мен ганглилік (симпатикалық) нерв жасушаларыболады.
Қызметі: Бездің қыртыс және милы затының қызметі әртүрлі. Милы зат қанға симпатикалық жүйенің тонусын сақтап, тамырды тарылту қасиеттері бар адреналин және норадреналин бөледі. Қыртыс зат липидтер (әсіресе лецитин мен холестерин) өндірілетін негізгі жерге жатады. Қыртыс зат су-тұз, белок және көмірсу алмасуына әсер ететін гормондар (стероидтар) және еркек (андрогендер) пен әйел (экстроген) жыныс гормондарына жақын ерекше гормондар бөліп шығарады деген дерек бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет