Шырышасты негізі, күшті дамыған, бұл артқы өтіс арқылы шырышты қабықтың сыртқа шығуына себеп болады.
Бұлшықетті қабық, ішкі дөңгелек және сыртқы бойлық қабаттан тұрады. Ішкі дөңгелек қабат (артқы өтіс пен жыныс ағзалары арасындағы дене бөлігі) шат бөлімінің жоғарғы бөлімінде 5- 6 мм-ге дейін жуандап, осы жерде артқы өтістің ішкі қысқышын түзеді. Оның биіктігі – 2-3см; ол артқы өтістің терімен қосылған жерінде аяқталады, тікелей тері астында шат бұлшықеттерінің құрамына енетін көлденең жолақты ерікті бұлшықет талшықтарынан құралған артқы өтістің сырт- қы қысқышы жатады. Бойлық бұлшықеттер қабаты топтаспайды, ішектің алдыңғы және артқы қабырғасында бірқалыпты таралады. Олар төменде артқы өтісті көтере -тін бұлшықет талшықтарымен және ішінара артқы сфинктермен тұтасады.