Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар



бет3/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180
Байланысты:
2 сем

Қызыл иек, gingiva тістердің мойнын, жоғарғы және төменгі жақ сүйектің ұяшықты өсінділерін жауып тұратын шырышты қабық. Жоғарғы және төменгі еріннің ортасынан қызыл иекке шырышты қабықтың қатпары тартылған, бұл қатпар жүгеншік деп аталады.

Меншікті ауыз қуысы, cavitas oris propria Меншікті ауыз қуысының жоғарғы шекарасы таңдаймен, алдында және бүйірлерінде тістермен және қызыл иекпен, ал төменде ауыз көкетімен шектелген.

Таңдай, palatum ауыз қуысынмұрын қуысынан бөліп тұрады, екі бөліктен тұрады :

Қатты таңдай – алдыңғы 3/2 сүйекті бөлігі, оның негізін жоғарғы жақсүйектің таңдай өсіндісі мен таңдай сүйектің горизонталды табақшасы құрайды.

Жұмсақ таңдай қатты таңдайды жауып тұрады, артқы 3/1 бөлігі, бұлшық етті түзіліс, оның артқы жағы салбырап тұрады, оны таңдай пердесі деп атайды. Перденің артқы ортаңғы бөлігінде тілшік болады. Адам тамақты жұтқанда тілшік артқа жылжып, мұрын тесігін жабады. Жұмсақ таңдайдың бүйірлері екі доғашыққа айналады: алдыңғы – таңдай – тіл, артқысы – таңдай – жұтқыншақ доғашығы. Осы екі доғаның ортасында шұңқыр бар, онда таңдай бадамшасы жатады. Ол лимфа тінінің сопақ пішінді жиынтығы, иммундық жүйенің ағзасы ( лимфоциттер жасап шығарады).

Ауыз қуысы жұтқыншаққа аран тесігі арқылы ашылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет