ТАҚЫРЫБЫ: Сілекей бездері:шықшыт безі,төменгі жақ асты,тіласты безі. Жұтқыншақтың бөлімдері және олардың құрылысы.Өңештің қабаттары, бөліктері және таралатын орындары
ТАҚЫРЫБЫ: Сілекей бездері:шықшыт безі,төменгі жақ асты,тіласты безі. Жұтқыншақтың бөлімдері және олардың құрылысы.Өңештің қабаттары, бөліктері және таралатын орындары Сілекей бездері. Ауыз қуысына 3 жұп үлкен сілекей бездерінің өзегі ашылады : шықшыт безі, төменгі жақсүйек асты және тіласты бездері. Сонымен қатар ауыздың шырышты қабығында көптеген ұсақ бездер бар.
Шықшыт безі, glandula parotidea (құлақ маңы безі) – ең үлкен без, сірлі типті. Ол құлақ қалқанының алдыңғы төмен жағында тері астында жатады. Сыртынан қапшықпен қапталған, құрылысы жағынан күрделі ұяшықты без, оның өзегі 2 – ші жоғарғы үлкен азу тістің тұсында ауыз кіреберісіне ашылады.