Төменгі жақсүйек асты безі, glandula submandibularis аралас типті, көлемі жағынан екінші, құрылысы күрделі ұяшықты – түтікті без. Без үлестерден тұрады. Өзегі тілдің астына ашылады.
Тіласты безі, glandula sublingualis тілдің астында ауыз қуысы түбінде орналасып, тіл мен төменгі жақсүйектің ішкі беті арасында қатпар түзеді. Шырышты типті, құрылысы жағынан күрделі ұяшықты – түтікті без. Оның бірнеше өзегі бар. Ең үлкен өзегі тілдің астында төменгі жақсүйек асты безінің өзегімен қатарласа өтіп, онымен ортақ тесік арқылы немесе жеке ашылады.
Достарыңызбен бөлісу: |