Дәріс №14 тақырыбы: Асқорыту жүйесінің бөліктері. Асқорыту түтігінің құрылысы. Тістің құрылысы. Сүт тістер және тұрақты тістер. Тілдің қызметі мен құрылысы. Пирогов-Вальдейер лимфоидты сақинасы Ішкі ағзалар


ДӘРІС № 19 ТАҚЫРЫБЫ: Өкпе қапшығының құрылысы.Өкпе қапшығының синустары.Көкірек аралық және оның бөліктері мен мүшелері



бет33/180
Дата07.01.2022
өлшемі152,77 Kb.
#18009
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   180
Байланысты:
2 сем

ДӘРІС № 19
ТАҚЫРЫБЫ: Өкпе қапшығының құрылысы.Өкпе қапшығының синустары.Көкірек аралық және оның бөліктері мен мүшелері

Өкпе (латынша pulmones, гр. Pneumon) - кеуде қуысында, жүрек пен үлкен тамырлардың жанында орналасқан. Оң өкпе сол өкпеге қарағанда үлкендеу (10%), әрі біраз қысқа және кең. Әр өкпе бұрыс конус пішінді. Конустардың ұшы жоғарыға, ал табаны төменге қараған. Ұшы алдыңғы жағында I -ші қабырғадан 3-4см жоғары немесе бұғанадан 2-3см жоғары тұрады. Ал артқы жағында VII -ші мойын омыртқасы деңгейіне жетеді.

Өкпенің 3 беті бар:



  1. Алдыңғы- төс -қабырғалық беті

  2. Төменгі-көкеттік беті

3) Ортадағы-аралыққа қараған медиалды беті. Медиалды беті ойыс, осы бетінде оның ортасынанжоғары және артқа қарай өкпе қақпасы бар. Қақпаарқылы бронхтар мен өкпе артериясы өкпеге еніп, екі өкпе венасы және лимфа тамырлары өкпеден шығады. Барлығы қосылып, өкпе түбірін құрайды.

Әр өкпе саңылаулар арқылы үлестерге бөлінеді. Әр өкпедегі қиғаш саңылау жоғарғы үлесті төменгі үлестен бөліп тұрады. Оң өкпедегі горизонталды саңылау жоғарғы үлестен ортаңғы үлесті құрайтын сына тәрізді бөліктен айырады. Сөйтіп оң өкпеде 3 үлес болады: жоғарғы, ортаңғы, төменгі. Ал сол өкпеде 2 үлес бар – жоғарғы және төменгі.

Үлестер сегменттерге бөлінеді. Әр өкпеде 10 сегмент болады. Сегменттер бір-бірінен дәнекер тінді аралықпен бөлінген. Сегмент пішіні конусқа ұқсас. Конустың ұшы өкпе қақпасына, ал негізі өкпенің сыртқы бетіне қараған. Әр үлестің, одан сегменттердің бронхтары бар. Сегменттің бронхы мен артериясы ортасында, ал вена тамыры сегменттердің аралығында орналасқан.

Сегментті бронх дегеніміз – 3-ші қатардағы бронхтар мен артерия, вена тамырларынан тұратын өкпенің бөлігі.

Сегменттің бронхтары үлесшелердің бронхтарына бөлінеді. Әр үлесшенің ұшына қабырғасында әлі де шеміршегі бар бір ұсақ (d-1мм) бронх (8-ші реттік) енеді (үлесшелік бронх) – олардың әр өкпедегі саны-800 – дей. Әр үлесшелік бронх үлесше ішінде 16-18 жіңішке (d- 0,3-0,5 мм) соңғы бронхшаға тармақталады, оларда шеміршек пен бездер болмайды. Әр шеткі немесе соңғы бронхша 2 альвеола жолына тармақталады. Альвеола жолының қабырғасы кеңейіп, альвеола көпіршігі пайда болады. Альвеола – алды ашық, арты жабық бір қабатты эпителиймен жабылған. Бір соңғы бронхшадан пайда болған құрылымдар оның ацинусын, яғни өкпенің қызметтік – анатомиялық бірлігін түзеді. Оның пішіні жүзім шоғырына ұқсайды.

Ацинус – өкпенің капилляр мен ауа толған альвеоласының газ алмасатын құрылыс бірлігі. 2 өкпедегі ацинустар саны – 30000, ал альвеола саны 300-350млн. Екі өкпенің тыны салу кезіндегі бетінің ауданы дем шығарғанда 35кв.м-ге, ал терең тыныс алғанда 100кв.м-ге жетеді.

Ацинус жиынынан - үлесшелер - сегменттер - үлестер - тұтас өкпе құралады. Өкпенің негізгі қызметі – газ алмасу, сонымен қатар секрет бөліп шығару, зат алмасуға қатысу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   180




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет