Өкпеқап және көкірекаралық. Кеуде қуысында бөлек 3 сірлі қап болады – әр өкпе үшін біреуден, ал ортаңғысы жүрек үшін. Өкпенің сірлі қабығы өкпеқап, pleura деп аталады. Ол өкпені жан-жағынан жауып тұрады. Өкпеқап 2 жапырақшадан тұрады: 1) Ішкі (висцералды)
2) Сыртқы (париеталды)
Ішкі жапырақшада өкпеге жабысып, оны үлестерге бөліп, өкпе түбірінде сыртқы жапырақшаға өтеді. Өкпе түбірінің төменгі жағында алдыңғы және артқы бетінде қосылып қатпар пайда болады. Қатпар төмен қарай бағытталып, көкетке бекиді. Сыртқы жапырақша кеуде қуысын ішінен қаптайды. 2 жапырақша арасы қуыс, оның ішінде аз ғана сұйықтық бар. Ол тыны салу кезінде екі жапырақшаның үйкелісін азайтады. Өкпеқап транссудация (шығару) және резорбция (сіңіру) үрдістерінде үлкен роль атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |