Сопақша мидың ішкі құрылысы.Сопақша мида сұр заттың тепе- теңдікке, қимыл-қозғалыстарды үйлестіруге, зат алмасу, тыныс алу және қан айналымын реттеуге қатысы бар ядролар орналасқан.
1.Олива ядросы, nucleus olivaris, оливаның сырт жағынан томпаюына себеп болады, аралық тепе-теңдік ядросы. Адамда тік жүру үшін жақсы дамыған.
2. Торлы құрылым, formatio reticularis, нерв талшықтарының айқасып өрілуі мен оолардың арасында жататын нерв жасушаларынан түзілген.
3.Бассүйек нервтерінің төрт жұбының XII-IX ядролары.
4.Кезбе нервтің ядроларымен байланысқан тыныс алу мен қан айналымының өмірлік маңызды орталықтары орналасқан. Сондықтан сопақша ми зақымданғанда адам өліп кетуі мүмкін.
Сопақша мидың ақ затында ұзын және қысқа талшықтар бар. Ұзын талшықтарға жұлынның алдыңғы жіпшелеріне тура өтетін пирамидалық жолдар жатады.Сонымен қатар артқы жіпше ядроларында жоғары көтерілетін сезімтал жолдардың ІІ-ші ядролары жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |