Әйел адамның сыртқы жыныс мүшелеріне үлкен,кіші жыныстық ернеулер, клитор, қыздық пердежатады.
Үлкен жыныстық ернеулер-май тініне бай, жұп орналасқан тері қатпарларынан тұрады, олар өзара алдыңғы және артқы дәнекермен қосылады. Олардың арасындағы қуыс жыныс саңылауы деп аталады. Үлкен жыныс ернеулерден жоғары қасаға бітіскен жердің алдында күшті дамыған май қабатты дөңес-қасаға төмпесін түзеді. Үлкен жыныс ернеулерінен ішке қарай кіші жыныс ернеулері жатады. Олар үлкен жыныс ернеулері арасынан көрінбейді және солар сияқты түрі шырышты қабыққа ұқсас екі бойлық тері қатпары болып табылады. Ернеулердің әрқайсысы ның алдыңғы шеті екі кішкене аяқшаға бөлінеді. Латералды аяқша клиторды айналып өтіп, қарсы жақтың осындай аяқшасымен қосылып клитор күпегін түзеді, ал медиалды аяқтары бұрыш жасай төменгіжағынанклитордыңбасынабекиді.
Кіші жыныс ернеулері арасындағы саңылау тәрізді кеңістік қынап кіреберісі деп аталады. Кіреберіс қуысына несеп шығаратын өзек, қынап және кіреберіс бездерінің шығарушы түтіктері ашылады. Несеп шығаратын өзектің сыртқы тесігі – үрпісі клитор басынан 2 см артқа жатады. Қынап тесігінің жан жағында қыздық перде мен кіші жыныс ернелері түбірі арасындағы сайда кіреберістің үлкен бездің өзегі ( Бартолиний ) ашылады, олар әр жағында бірден, ерлердің бульбоуретральді бездеріне сәйкес d-10-12 см, сопақ пішінді бездер, олар кіреберіс буылтықтарының артқы шеттерінде орналасқан, одан басқа ұсақ май бездері бар.
Әйел жыныс ағзаларында ерлердің үңгілі денелеріне сәйкес түзілістер бар. Олар кіреберіс буылтығы, ерлердің кеуекті бөлігіне сәйкес, бірақ әйелде 2 симметриялы бөлікке бөлінген, әр буылтықтыңұзындығы–3см,ені–1,5см.