Дәріс №14 Тақырып: Білім беру менеджерінің көшбасшылық қасиеті Дәріс жоспары: Дәріс мақсаты мен міндеттері



бет1/9
Дата24.04.2023
өлшемі72,14 Kb.
#86114
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Дәріс № 14


Тақырып: Білім беру менеджерінің көшбасшылық қасиеті


Дәріс жоспары:


Дәріс мақсаты мен міндеттері: Білім беру менеджментіндегі көшбасшының тұлғалық ерекшелігі туралы білім қалыптастыру.


Дәріс мазмұны:
«Көшбасшы» (leader) сөзі ағылшын тілінен аударғанда «жетекші, бірінші, алда
жүруші» деген мағынаны білдіреді. Бұл мойындалған үлкен беделге ие және ықпал
ете алатын әрекеті басқаруда көрінетін қандай-да бір топтың (ұйымның) бет бейнесі
(субъектісі) (1). Бұл маңызды жағдаяттарда жауапты шешім қабылдауға құқығы бар
топ мүшесі.
Көшбасшылыққа мыңдаған жылдар бойы тарихшылар мен философтар
тарапынан үлкен қызығушылық танытылды. Дегенмен көшбасшылықты терең
зерттеу жиырмасыншы ғасырдың басында басталды. Ол әрбір адамның өмірінде
маңызды рөлге ие. Адамзат тарихы көрсеткеніндей, дәл осы көшбасшылар адамның
әрекеті мен оқиғаларға шешуші ықпал етуге қабілетті, сонымен бірге дәл осы
Мұғалім-көшбасшы қандай болуы тиіс? Бұл сұрақ қазақстандық мектептер
үшін өзекті. Осыған біз білім беру бағдарламасы бойынша біліктілікті арттыру
курстарында мұғалімдерді оқытамыз. Үшінші деңгей курсын оқитын мұғалімдер
сабақ беретін сыныптарында көшбасшылық қасиеттерін байқатуы тиіс. Сыныпта
жүргізілетін субъект-субъек ретіндегі қатынаста оқушыларды өзімен бірге тарту
керек. Екінші деңгей мұғалімдері сыныпта және мектепте, ал бірінші деңгей
мұғалімдері екеуімен қоса кәсіби желілік қоғамдастық аясында да көшбасшы
Э.В.Вергилес «Көшбасшылықтың теориясы» еңбегінде «менеджер» және
«көшбасшы» түсініктеріне түсіндірме береді. Ол бірінші менеджер түсінігін
формальды көшбасшылыққа, ал екінші көшбасшы түсінігін формальды емес
көшбасшылыққа байланыстырады. Менеджерді стандартты, шаблонды мінез-
құлықпен, ал көшбасшыны инновациялы, шығармашыл ретінде сипаттайды.
О.С. Виханский, А.И. Наумов көшбасшылықтың және менеджменттің
өзара айырмашылығын көрсетеді. Олар менеджерлік басқаруда
адамдарды әрекетті дұрыс жасауға, ал көшбасшылық басқаруда адамдарды дұрыс
әрекет жасауға назар аудартады деп белгіледі. Көшбасшы мен менеджердің өзара
айырмашылықтарын көптеген позиция бойынша жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет