Дәріс №15 тіл білімінің зерттеу әдістері мен тәсілдері



бет5/6
Дата25.11.2022
өлшемі24,39 Kb.
#52549
1   2   3   4   5   6
Ішкі реконструкция әдісі
Ішкі реконструкция әдісі салыстырмалы-тарихи әдістің екінші түрі. Зерттеудің негізгі түрі – салыстыру, бірақ туыстас тілдердегі сәйкес құбылыстарды емес (интралингвистикалық), бір тілдің әр түрлі тарихи даму кезеңдеріндегі бір құбылысын салыстыру (интерлингвистикалық әдіс). Осыған байланысты ішкі реконструкция әдісі төмендегі мақсаттарды шешеді:
1) Нақты тілдердің жазбаша дереккөзі ретінде тарихи даму заңдылықтарын айқындау;
2) Жазу пайда болғанға дейінгі тілдің ерекшелігін көрсететін ежелден қалған ескерткіштер мен анамалияларды немесе тілдік қатынас нәтижесінде пайда болған жаңа формаларды (кірме сөздер) анықтау;
3) Белгілі бір тарихи өзгерістер нәтижесі ретіндегі тілдік жүйенің қазіргі жағдайын түсіндіру және ол өзгерістердің мерзімі мен себептерін анықтау.
Ішкі реконструкция бір тілдің ішіндегі тіл бірліктерін салыстыруды көздейді, бір тілдің әр түрлі шағын жүйелеріндегі варианттарын анықтап, оларды көне құбылыстармен байланыстырады. Бұл әдіс тегі бір тілдерді жүйелі түрде зерттеу арқылы көне тілдік тұлғаларды анықтауға мүмкіндік береді. Аталмыш әдіс тек көне жазба тілдерді (санскрит, латын, көне грек және т.б.) зерттеу үшін тиімді болып табылады
Тілді зерттеу тәсілдері
Ғылымның дамуында зерттеу тәсілінің қандай рөл атқаратыны белгілі. Тәсіл – зерттеу объектісінің теориялық тиянақтылығы. Қолданған тәсіліне қарай зерттеу жұмысы нағыз ғылыми және мақсатты сипат алады. Зерттеудің әдістері мен тәсілдерін таңдау – зерттеу жұмысының тақырыбына, зерттеушінің алдына қойған мақсат-міндеттеріне байланысты болады.
Тәсіл – зерттеушінің зерттеу материалын қарастырудағы нақты іс-әрекеті. Бұл соңғы мақсатқа жету үшін қолданған тәжірибелік тәсіл. Зерттеуші ғалым өзінің алдына қойған мақсатына жету үшін белгілі бір зерттеу әдісін, немесе әдістерін таңдап алады. Содан кейін қажетті материалды жинап алғаннан кейін оны сұрыптап, жүйеге келтірудің амал-тәсілдерін іздестіреді. Осындай зерттеудің амалдары мен жолдары зерттеудің тәсілі болып табылады. Тәсіл әдістен туындайды. Ол – зерттеушінің мақсатына жету үшін қолданған құралы. Тәсіл мен әдіс бір бірімен тығыз байланысты.
Сонымен, лингвистикалық әдіснаманың (ұстаным → әдіс → тәсіл) бөлімдері арасында белгілі бір байланыс бар: әдіс танымның жалпы ғылыми ұстанымдарынан келіп шығады және жұмыстың тәжірибелік тәсілдерінің жиынтығында фактілер негізінде қарастыруда іске асады.
Ғылымда зерттеудің төмендегідей тәілдері бар:
Бақылау тәсілі
Бақылау тәсілі – ғылымның кез келген саласында қолданылатын өте кең тараған тәсіл. Бақылай білмейінше қажетті деректерді, материалды дұрыс жинап, топтау мүмкін емес. Бақылау – қажетті материалды, деректі дұрыс танып, таңдай білудің жолы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет