Дәріс №15 тіл білімінің зерттеу әдістері мен тәсілдері


Салғастырмалы (контрастивті ) әдіс



бет4/6
Дата25.11.2022
өлшемі24,39 Kb.
#52549
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
14 дәріс ЖТБ

Салғастырмалы (контрастивті ) әдіс
Салғастырмалы әдіс салыстырмалы әдістің бір түрі. Соңғы кездері бұл әдіс салыстырмалы-салғастырмалы әдіс деп аталып жүр. Аталмыш әдістың негізгі мақсаты – әлемнің әр түрлі тілдеріндегі айырмашылықтарды, ерекшеліктерді зерттеу. Бұл әдіс туыс және туыс емес тілдерді (ана тілі мен шетел тілін) синхрониялық зерттеулерде қолданылады, салғастырылатын тілдердің тарихы мен шығу тегіне көңіл бөлінбейді. Тек қана екі тіл салғастырылатын контрастивті әдістің бұл түрін дәстүрлі неміс лингвистикасында конфронтативті әдіс деп атайды.
Салғастырмалы әдіс арқылы шетел тіліне үйретудің әдіснамалық негіздері және жалпы аударма мен машина арқылы аударудың теориялары зерттелініп, анықталады.
Салғастыру (контрастивті) әдісінің жетістіктері мен кемшіліктері
Соңғы жылдары ұлттық тіл білімінің дамуында туыс және туыс емес тілдерді салғастыра зерттеу қарқынды дамуда. Әсіресе, синхронды түрде құрылымы әр түрлі тілдердің грамматикалық, лексикалық фразеологиялық жүйесіне талдау жасап, олардың құрылыстарын зерттеуге көп көңіл бөлінуде.
Аталмыш әдіс арқылы кез-келген екі туыс немесе туыс емес тілдердің идиоэтникалық қасиеттеріне толық сипаттама беруге болады. Бұл туыс немесе туыс емес тілдерді салғастыруда, олардың қосымша мәселелерін шешуде өте маңызды. Бірақ көбінесе әр түрлі тілдердің ортақ, ұқсас қасиеттері мен құбылыстарын зерттеуге аса қатты назар аударылмағандықтан бұл әдістің маңыздылығы аздап төмендейді, өйткені тілді жүйелі түрде зерттеу екі тілдің ұқсастықтарымен қатар айырмашылықтарын да зерттеуді қажет етеді. Бұл кемшіліктің орнын тілдерге типологиялық талдау жасау толықтырмақ.
Сыртқы реконструкция әдісі
Реконструкция (лат. re – жаңарту, жаңғырту, constructiо – құру) – салыстырмалы-тарихи тіл біліміндегі тәсілдер жиынтығы. Реконструкция тілдік құбылыстар мен формаларды қайта жаңғырту арқылы тіл дамуының бұрынғы кезеңдеріне тән әртүрлі деңгейдегі жүйелік қатынастарды қарастырады.
Тарихи тіл білімі саласында таным мақсатына қарай реконструкция әдісі сыртқы реконструкция әдісі (диахрониялық, интерлингвистикалық бағыт) және ішкі реконструкция әдісі (диахрониялық, интралингвистикалық бағыт) болып екіге бөлінеді.
Сыртқы реконструкция тіл дамуындағы жүйелі қатынасқа сүйене отырып туыс тілдердің материалын салыстыру арқылы салыстыратын тілдің тарихи даму заңдылықтарын ашады, соның нәтижесінде бастапқы тілдік архетипті қайта жаңғыртады.
Сыртқы реконструкция әдісінің мақсаты сыртқы ұқсастыққа негізделген туыс тілдердегі лексикалық бірліктерді қарастыру.
Сыртқы реконструкция әдісінің міндеттері төмендегідей:
1) Барлық туыс тілдердің және осы семьядағы диалектілердің түп негізін (ата тілін) осы тілдердегі фонологиялық, лексикалық және морфологиялық құбылыстарды жүйелі түрде салыстыра отырып анықтау;
2) Дивергенттік даму заңдарын және ата тілде жазбаша түрде бар тілдердің шығу заңдарын зерттеу;
3) Әлем тілдерінің генетикалық классификациясын жасау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет