Қоғамдық бақылау институтын енгізу
Сыбайлас жемқорлық профилактикасының пәрменді тетігі
қоғамдық бақылау болып
табылады.
Мұндай бақылауды енгізу азаматтық қоғам институттарын жандандыруды ғана емес,
тиісті
заңнамалық реттеуді де талап етеді.
"Қоғамдық бақылау туралы" Заңның қабылдануы азаматтық бақылауды ұйымдастыру мен
жүзеге асырудың базалық қағидаларын нормативтік құқықтық бекіту арқылы алғашқы рет
оның біртұтас жүйесін құруға мүмкіндік берер еді.
Мұндай заң оның институттары мемлекеттің беделін нығайтуға және мемлекеттік аппарат
жұмысының сапасын арттыруға жәрдем ететін азаматтық
қоғамды одан әрі дамытуда
маңызды рөл атқаруға арналған.
Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша қоғамдық
тыңдаулар, мемлекеттік органдар шешімдеріне қоғамдық сараптама өткізу үшін басшылардың
жұртшылық алдындағы есептерін тыңдау және азаматтардың алқалы органдардың жұмысына
қатысуы үшін құқықтық негіз жасалатын болады.
Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы міндеттердің өзін де, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің
тыныс-тіршілігінің басқа да әлеуметтік маңызы бар мәселелерін шешуге де ықпал етеді.
Бұл ретте қоғамдық бақылаудың ел Конституциясының талаптарына
сәйкес мемлекеттің
бақылаушы функцияларынан аражігі нақты ажыратылуға тиіс.
Мемлекеттік аппарат жұмысының ашықтығын қамтамасыз етудің тағы да бір құралы
"Жария ақпаратқа қолжетімділік туралы" Заң болуы тиіс, ол жария
ақпаратты алушылардың
құқықтарын, оны беру, есепке алу және пайдалану тәртібін бекітеді.
Жария ақпаратқа еркін қолжетімділік халықтың шенеуніктермен
артық байланысы
қажеттілігін болдырмайды.
Сыбайлас жемқорлықпен табысты күрестің аса маңызды факторы азаматтардың жергілікті
маңызы бар мәселелерді шешуге тікелей қатысу мүмкіндігі болып табылады.
Бұған жергілікті өзін өзі басқарудың өкілеттіктерін кеңейтуді көздейтін заңның
қабылдануы ықпал етеді.
Халыққа ең алдымен жергілікті өзін өзі басқарудың бюджеттік бағдарламалары бойынша
қаражаттың пайдаланылуына мониторинг пен бақылауға қатысу мүмкіндігін берген жөн.