жемқорлық көріністеріне немқұрайды қарау өткір қоғамдық мәселе болып отыр. Жемқорлық -
қоғамдық санада руханилықтан гөрі, материалдық игіліктердің басымдық алғанын көрсететін
құндылықтар дағдарысы. Азаматтардың кейбір бөлігінің ұғымында сыбайлас жемқорлық
үйреншікті іске, ал біреулер үшін зәру мәселелерді заңды айналып өтіп шешудің тәсіліне
айналды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды жұртшылық көп жағдайда жүйесіз,
нәтижесі төмен атүсті жұмыс ретінде көреді. Тұрғындардың пікірінше, сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес - мемлекеттің міндеті. Осындай көзқарас,
қоғамда тамыр жайған
сенімсіздік пен таптаурын ұғымдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды айтарлықтай
әлсіретеді. Сонымен бірге, азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық
мәдениет, сыбайлас жемқорлықты жуытпайтын тұрақты иммунитет, оны жариялы түрде
айыптау болмайынша, қалаған нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Әрбір қазақстандық, әр
отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның, әр азаматтың ісі екендігін түсінуі
тиіс.
Сондықтан, бала күннен бастап Отанға деген сүйіспеншілікке, адамдарды және
дәстүрлерді құрметтеуге, білім мен еңбекке ұмтылуға, көргенділік
пен адалдыққатәрбиелеу
керек. Бұл сезімдер біздің халқымыздың қанында ежелден бар. Осынау құндылықтар
өмірлерінде нақты бағдар болатын қазақстандықтар ұрпағын тәрбиелеу қажет. Сондықтан да,
нақ осы тәрбие мен білім үдерісі адамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетін
қалыптастыруының негізі болып табылады. Бұл жердегі негізгі орын отбасына және білім
беру саласына тиесілі. Әрбір ата-ана, әрбір ұстаз балалар үшін лайықты үлгі болуға, нағыз
қастерлі қасиеттерді таңдауға көмектесуі тиіс. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру мен
тәрбиелеу үлгісі «Заң», «Әділдік», «Теңқұқықтық» сияқты іргелі түсініктердің төңірегінде
қалыптасуы тиіс. Жемқорлыққа қарсы тұрарлық тәлім білім берудің барлық деңгейінде
қалыптастырылуы қажет. Осы үлгіні қалыптастыру үшін педагогика, психология,
юриспруденция, саясаттану, экономика,
мәдениеттану, сондай-ақ, әлеуметтану саласындағы
үздік мамандарды тарту қажет. Тек таза және адал еңбек қана өскелең ұрпақ үшін
табыстылықтың, жоғары жетістіктердің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшеміне
айналуы тиіс. Өскелең ұрпақ тәрбиесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет қалыптас-
тыруда түбегейлі маңызды рөл атқарады. Тек ерте жастан бастап мінез-құлықты сыбайлас
жемқорлыққа қарсы тұратындай етіп қалыптау осы әлеуметтік кесапатты жоюға мүмкіндік
береді. Сондықтан, жастар ұйымдары сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілікті
насихаттауда ерекше орын алатын болады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылда барлық
жастар бірлестіктері мен үкіметтік емес ұйымдардың күш-жігерін жұмылдыратын партияның
«Жас Отан» жастар қанаты осы істің алдыңғы шебінде жүруі тиіс. Партия мыналарға қол
жеткізуге ниетті: - отбасында және қоғамда қанағатшылдықтың (сұраныста ұстамдылық пен
қарапайымдылық, басы артық нәрседен бас тарта білетін парасат пен табандылық), жан
байлығын дүние-мүліктен жоғары қоюдың дәстүрлі
халықтық қасиеттерін дәріптеу; -
халықтың құқықтық сауаттылық деңгейін түбегейлі арттыру, қоғамдағы құқықтық нигилизмді
жою; - «Сыбайлас жемқорлық жоқ ел - өсіп-өркендеуші ел» партиялық идеологиялықжобасын
ілгерiлету; - Қазақстанның Азаматтық Альянсымен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен
бірге, сыбайлас жемқорлыққа атымен төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мен оған қарсы тұру
үшін нақты іс-қимыл жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуге байланысты азаматтық бастамаларға
көмектесу; - Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және өзін-өзі реттейтін басқа да ұйымдармен
бірге, корпоративтік сектордағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар
қабылдау; - 2016 жылдан бастап білім берудің барлық деңгейінде сыбайлас жемқорлыққа
қарсы тәлім қалыптастыру бойынша тақырыптарды мазмұнның 15%-ынан кем емес
мөлшерінде «Құқық негіздері» оқу пәнін енгізу; - 2015 жылдан бастап жыл сайын кешенді
әлеуметтік зерттеулер негізінде жоғары оқу орындарының сыбайлас жемқорлық деңгейі
бойынша жария рейтингін түзу; - онлайн-портал құру, жоғары
оқу орындарында сыбайлас
жемқорлыққа төзбеушілік ахуалын қалыптастыру арқылы ЖОО жұмысының ашықтығын
қамтамасыз ету; - адал еңбектің ардақтылығын және еңбеккер әулеттерді жаппай насихаттау; -
сыбайлас жемқорлыққа жирене қарауды, оның ішінде БАҚ-тарда арнайы жобалар жасау
есебінен кеңінен насихаттау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрарлық мәдениетті және тәлімді
қалыптастырудың нәтижесі мынандай болмақ: - сыбайлас жемқорлықтың қоғам мен
мемлекетке төнетін қатер екенін азаматтардың сезінуі; - жемқорларға деген теріс көзқарас
қалыптастыру және жемқорлыққа жақындықты аластату; - пара беруді өз мәселелерін
шешудің әдісі деп қарайтын халықтың үлесін түбегейлі азайту; - халықтың құқықтық
сауаттылық деңгейін 2025 жылға қарай 60%-ға дейін көтеру. 4.2. Cыбайлас жемқорлықтың
пайда болуының алғышарттарын азайту Бағдарламаның қағидатты
маңызды қадамы - басты
назарды сыбайлас жемқорлықтың салдарларымен күресуге емес, жемқорлықты туындататын
себептер мен жағдайларды жоюға аудару. Сондықтан партия жүйелі негізде бизнеске
әкімшілік жүктемені азайтуға, мемлекеттік функцияларды өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен
бәсекелі ортаға беруге, мемлекеттік қызметтер көрсетудің автоматтандырылуы мен
айқындылығына, оларды көкейкестілендіруге, мемлекеттік аппарат пен квазимемлекеттік
сектор жұмысының тиімділігін арттыруға қол жеткізуге ұмтылатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: