Дәріс №3. Тақырыбы: Бейорганикалық және органикалық заттар. Көмірсулар, майлар, нәруыздар және нуклейн қышқылдары. Жоспар



бет2/7
Дата13.10.2022
өлшемі44,19 Kb.
#42869
1   2   3   4   5   6   7
Ақуыздарға түсініктеме
Барлық тірі организмдердің жасушаларының негізгі бөлігі болып ақуыз немесе протеин саналады (грек тілінде protos-бірінші маңызды). Ақуыз тірі емес табиғатта кездеспейді. Тіршіліктің барлық жүйелерінде ақуыздың алатын орны және атқаратын қызметі өте жоғары. Пептидтік байланыстарымен байланысқан аминқышқылдарынан тұратын, құрылымы күрделі және жоғарғы молекулалы органикалық заттарды ақуыз деп атайды.
Домендік ақуыздардың құрылысы олигомерлік ақуыздардың құрылысына ұқсас. Бірақта олигомерлік ақуыздардың әрбір полипептидтік тізбегінен үшінші ретті бір ғана глобул түзіледі, ал домендік ақуыздардың бір полипептидтік тізбегінің бойында екі немесе оданда көп ерекшеленген және бір-бірімен пептидтік көпірмен байланысқан глобулдер, яғни домендер түзіледі.
Домендік құрылымды ақуыздарға иммуноглобулиндер (антиденелер) жатады. Олардың құрылымдық негізін дисульфидтік байланыстармен байланысқан екі жеңіл (L) және екі ауыр (Н) полипептидтік тізбектері құрайды.
Жеңіл полипептидтік тізбектері (200 а.қ. тұратын) екі домендік, ал ауыр полипептидтік тізбектері (450-700 а.қ. тұратын) төрт доменді үзеді. Осындай құрылымды иммуноглобулиндердің мономері деп атайды.
2.Нуклеин қышқылдары — құрамында фосфоры бар биополимерлер. Табиғатта өте көп тараған. Молекулалары нуклеотидтерден тұрады, бір нуклеотидтіқ 5'-фосфор арасындағы эфирлік байланысы мен келесі нуклеотидтің углевод қалдығының 3'-гидроксилі арасы эфир байланысымен нуклеин қышқылдары углеводты-фосфатты қаңқасын калайды. Нуклеин қышқылдары жоғарғы полимерлі тізбектері ондаған немесе жүздеген нуклеотидтің қалдықтарынан тұрады. Нуклеин қышқылдары тірі жасуша ядросының маңызды құрам бөлігі. Нуклеин қышқылдары (НҚ) рибонуклеин қышқылы (РНҚ) және дезоксирибонуклеин қышқылы (ДНҚ) болып екі үлкен түрге бөлінеді.
Нуклеин қышқылдарының толық емес гидролизі нәтижесінде нуклеотидтер түзіледі . Ал нуклеотидтерді одан әрі гидролиздесе, ортофосфор қышқылын және пентоза мен азотты негізге айырылатын нуклеозидтерді түзеді.
Яғни, нуклеин қышқылдарының құрамына азотты негіздер (пиримидинді, пуринді), фосфор қышқылы және моносахаридтер (рибоза мен дезоксирибоза) кіреді. Нуклеин қышқылдары құрамындағы моносахаридтердің қалдығына байланысты рибонуклеин қышқылы және дезоксирибонуклеин қышқылы болып екіге бөлінеді. ДНҚ мен РНҚ құрамының айырмашылығы — нуклеин қышқылын толық гидролиздеу арқылы анықталды. Нуклеин қышқылдары құрамында көмірсудың гидроксил тобы мен фосфор қышқылының арасында күрделі эфирлік байланыс түзіледі, ал азотты негіз көмірсудың жанынан жалғасады
Нуклеин қышқылының бірінші құрылымында мононуклеотидтер белгілі тәртіппен орналасады.
Нуклеин қышқылының екінші құрылымы макромолекулалардың кеңістікте қос шиыршық болып орналасуын көрсетеді. Бұл кезде молекулалар арасында және молекула ішінде сутектік байланыс арқылы әрекеттесу болады.
Сутектік байланыс белгілі бір жұп пиримидин және пурин туындыларының арасында түзіледі. Оларды комплементарлы жұптар деп атайды. Ондай жұптар: тимин (Т) — аденин (А) және цитозин (С) — гуанин (G).
Нуклеин қышқылының үшіншілік құрылымы — ДНҚ мен РНҚ-ның кеңістікте шумақталып орналасуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет