Дәріс №3 Тақырыбы: Өсімдік аурулары және олардың жіктелуі Мақсаты



бет10/16
Дата06.01.2022
өлшемі36,93 Kb.
#14662
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16
Көмірсу айналымы. Өсімдік ұлпасындағы көмірсу құрамы мен айналымы көптеген жағдайларға, әсіресе оның мөлшері мен фотосинтез қарқынына тікелей байланысты келеді. Су өткізетін түтікшелердің зақымдалуы ассимиляция нәтижесінде түзілген заттардың инфекция ошағында шоғырлануына әкеп соғады. Сонымен қатар, тотықтандыру үрдісі белсенділігінің артуы мен патогеннің көмірсуларды пайдалануы арасында байланыс бар. Оның сапалық және сандық өзгерістері ие-өсімдік пен паразиттің биологиялық ерекшеліктеріне, аурудың таралуы мен даму мерзі- міне және қарқындылығына байланысты. Бұл үрдіске гидролиз жүргізетін ферменттер де әсер етеді. Облигатты паразиттер әсері- нен өсімдік ұлпасында көмірсу мөлшері азайып, карбогидраз ферментінің екпінділігі артады. Вирустар қоздыратын ауруларға шалдыққан өсімдік ұлпаларында үлкен өзгерістер байқалады. Мозаика ауруынан фотосинтез қарқыны айтарлықтай бәсеңдейтін- діктен, жалпы көмірсу мөлшері де төмендейді. Кейбір жағдайда ауруға шалдыққан өсімдік мүшелерінде оның көрсеткіші артуы да мүмкін. Мәселен, сұр шірікке шалдыққан жүзім жемістерінде қант мөлшері көтеріледі. Олардың біртіндеп қурауына байланысты жасуша шырынының концентрациясы артады. Қорыта келгенде, көмірсу бір жағынан паразитті ағзаның тіршілігіне қажет болса, екіншіден инфекция салдарынан өсімдік жасаушасында жүріп жатқан метаболизм үшін керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет