Дәріс №3 Тақырыбы: Өсімдік аурулары және олардың жіктелуі Мақсаты



бет9/16
Дата06.01.2022
өлшемі36,93 Kb.
#14662
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Фотосинтез қарқынының төмендеуі. Көптеген аурулардың салдарынан жасыл жапырақтарда жүретін фотосинтез үрдісінің екпінділігі төмендейді. Факультативті паразиттер әсерінен түзілетін дақтар немесе теңбілдер фотосинтез жүретін жапырақ пен сабақ көлемін азайтады. Аталған мүшелер ауруға неғұрлым көбірек шалдықса, жасушадағы хлорофилл мөлшері соғұрлым азайып, фотосинтез екпінділігі төмендейді. Осындай жағдай вирус ауруына шалдыққан өсімдіктерде байқалады хлорофилл метаболиттері фитопатогеннің жасаушаларын түзуге жұмсалатындықтан фотосин- тез екпінділігі айтарлықтай төмендейді. Кейде жапырақтағы хлорофилл мөлшері мен фотосинтез екпінділігінің төмендеуі арасында тығыз байланыс болмауы мүмкін. Себебі, ол өсімдіктің өсу кезеңімен қатар, мүшелерінің ауруға шалдығу дәрежесіне де байланысты. Факультативті сапрофиттер қоздыратын аурулардың алғашқы белгілері байқалысымен фотосинтез екпінділігі артып, ауру өршіген сайын ол төмендей береді. Облигатты паразиттер әсерінен аурудың бастапқы кезеңінде фотосинтез екпінділігінде айтарлықтай өзгеріс болмай, тіптен ассимиляция жоғарылауы мүмкін.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет