Дәріс №3 Тақырыбы: Өсімдік аурулары және олардың жіктелуі Мақсаты


Өсімдік мүшелерінің су және қоректік заттармен қамта- масыз етілуінің бұзылуы



бет6/16
Дата06.01.2022
өлшемі36,93 Kb.
#14662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Өсімдік мүшелерінің су және қоректік заттармен қамта- масыз етілуінің бұзылуы. Фотосинтез нәтижесінде жапырақтарда түзілетін органикалық заттар төменгі ағыс жолымен тамыр-жеміс пен түйнекте, масақта, жемісте және т.б. мүшелерде жинақталады. Тамыр түтікшелері арқылы сорылатын су мен минералдық заттар жоғары ағыс жолымен жапыраққа көтеріледі. Тамыр жүйесі ауруға шалдыққанда жоғары ағыс жолымен немесе ксилемамен судың тасымалдануы нашарлайтындықтан, тургор төмендеп, өсімдіктер солып, біртіндеп қурайды. Бактериялар мен саңырауқұлақтар су жүретін түтікшелерді бітеп тастайды, мұндай ауруларды трахео- бактериоз және трахеомикоз деп атайды. Құрғақшылық жылдары ауа температурасы аса жоғары болып, аңызақ жел соққан кезде солу ауруының таралуы мен дамуы күрт артып, одан келетін шығын мөлшері жоғарылай түседі. Флоэма жолдары ауруға шалдыққанда жапырақта түзілетін органикалық заттардың мөлшері көбейіп, қор жинақталатын мүшелерге олардың тасымалдануы төмендейді. Осының салдарынан өсімдіктің түсімділігімен қатар, өнімнің сапасы да нашарлайды. Бұл жағдай көбінесе өсімдіктер вирус ауруларына шалдыққанда байқалады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет