Дәріс №3 Тақырыбы: Өсімдік аурулары және олардың жіктелуі Мақсаты


Өсімдік ауруларын нақты және ерте анықтаудың олармен күрес шараларын мезгілінде ұйымдастырудағы рөлі



бет13/16
Дата06.01.2022
өлшемі36,93 Kb.
#14662
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

3.Өсімдік ауруларын нақты және ерте анықтаудың олармен күрес шараларын мезгілінде ұйымдастырудағы рөлі


Өсімдік ауруларымен күресу шараларын дұрыс ұйымдастыру үшін оларды бір-бірінен дәл ажырату және ауру қоздыратын ағзаның биологиялық ерекшеліктерін білу қажет. Ауру белгісі бірден байқалмауы мүмкін, өсімдіктерге инфекция жұғуымен оның белгілерінің нақты байқалуы арасында бірнеше тәулік өтуі мүмкін. Бұл аурудың жасырын немесе латентті даму кезеңі .

Өсімдік ауруларын анықтау үшін бірнеше әдістер қолданы- лады:



  • Ауруға шалдыққан мүшелерді көзбен жіті қараса, оларда патологиялық өзгерістер бар-жоғы байқалады. Жапырақта, сабақта, сүректе, генеративті мүшелерінде байқалған белгілер бойынша аурудың қай түрге жататыны (дақ, ісік, тамыр шірігі, қаракүйе, т.б.) анықталады.

  • Өсімдіктің ауруға шалдыққан мүшелері зертханада микрос- коп арқылы мұқият зерттеліп, онда ауру қоздырғышының спора- лану мүшелерінің бар жоғы анықталады. Саңырауқұлақтармен залалданған мүшелерде мицелий мен конидия сағақтары және споралардан тұратын жұқа өңез немесе үлпек, жеміс денелері, пикнидалар, пустулалар кездеседі. Бактериялар жұққан мүшелер- ден тамшы экссудат бөлінеді немесе олар кеуіп, қиыршықталған ұнтаққа айналады.

  • Ауа-райы құрғақ болса, өсімдіктің көптеген ауруларының қоздырғыштары залалданған мүшелерде спора түзбейді, олардың мицелийлері жасуша ішінде немесе ұлпада көрінбей қалады. Бұл жағдайда аурудың табиғатын анықтау үшін ылғалды камера қолданылады. Оны жасау үшін Петри табақшалары пайдаланы- лады, түбіне 1-2 қабат сорғыш қағаз төселіп, зарарсыздандырылған сумен ылғалдандырылады. Ауруға шалдыққан өсімдік мүшелері ылғалды камерада 20-250С температурада 5-7 тәулік ұсталады. Осы мерзімнен кейін микроскоп арқылы саңырауқұлақтың споралану мүшелерінің бар-жоғы және морфологиялық ерекшеліктері анықта- лады.

  • Ауру қоздырғышын жасанды ортаға бөліп өсіруге тура келе- тін кездер де болады. Бұл әдіс, әсіресе бактериялар мен жетілмеген саңырауқұлақтар қоздыратын ауруларды анықтау үшін өте қажет. Арнайы рецепт бойынша агар қосылып жасалған, толық зарарсыз- дандырылған жасанды орта Петри табақшаларына құйылады. Оның үстіне залалданған мүшелердің кішкене бөлшектері немесе судағы шайындылары егіледі. Бактерияларды 2-3, ал саңырауқұлақтарды – 7-10 тәуліктен кейін анықтауға болады.

  • Өсімдік ауруларын қоздыратын бактерияларды анықтау үшін, оның морфологиясымен қатар, жасанды қоректік орталарда себінділік, физиологиялық және биохимиялық қасиеттері зертте- леді.

  • Вирус ауруларын анықтауда серологиялық әдістің маңызы зор. Ол вирус инфекциясынан айықтырылған картоп түйнегін алу ғылыми-зерттеу институттарында, ауылшаруашылық тәжірибе стансаларында кеңінен қолданылады. Өсімдік вирустарының түрін анықтау үшін серологиялық әдіспен қатар, электронды микроскоп және анықтағыш-өсімдіктер кеңінен пайдаланылады.

Соңғы жылдары полимеразды тізбек реакциясы (ПЦР) арқылы өсімдік бактериоздары мен вироздары тез және нақты анықталады. Өсімдік ауруларының дамуы мен зияндылығын төмендетіп, өнімнің айтарлықтай шығынына жол бермеу үшін, оларды дәл анықтаумен қатар, инфекцияның таралу жолдарын және фито- патогенді ағзаның биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін

жақсы білу қажет.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет