Дәріс №3 Тақырыбы: Өсімдік аурулары және олардың жіктелуі Мақсаты



бет7/16
Дата06.01.2022
өлшемі36,93 Kb.
#14662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Жасуша мембранасының еруі. Ауру қоздыратын микроағза- лардың, әсіресе бактериялардың әсерінен, өсімдік жасушасының мембранасы еріп кетеді. Осының салдарынан қоректік заттар мен суға бай мүшелер ыдырап бұзылады, тез шіриді. Бұл ауру картоп, сәбіз, қызылша, т.б. суға бай тамыр жемістерде жиі кездеседі.

Өсу заттары түзілуінің бұзылуы. Өсу заттары аз түзіліп, жеткіліксіз болса, өсімдіктердің өсуі нашарлайды. Олар шектен тыс көп түзілсе, жасушалар мөлшерден артық бөлініп, кейбір мүшелер қаулап өседі немесе әр түрлі ісіктер мен шорлар пайда болады.

Гипертрофия. Ауру қоздырғыштары әсерінен өсімдік жасуша- лары мен ұлпаларының мөлшері мен пішінінің өзгеруі. Төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар қоздыратын қырыққабаттың тамыры мен картоп түйнектері ісік ауруына шалдыққанда осындай өзге- рістер байқалады. Жасушалардың шамадан тыс көбейіп, пішіні өзгеруінің салдарынан аталған мүшелерде шорланған ісіктер пайда болады.

Гиперплазия - өсімдік жасушаларының шамадан тыс көбеюі. Патогенді ағзалармен қатар, мұның негізгі себебі бунақденелілер, механикалық жарақаттар мен химиялық әсерлер болуы мүмкін.

Олардың салдарынан көпжылдық ағаштар діңінде буылтық ісіктер байқалады.



Гипоплазия - өсімдіктер көбінесе вирустар мен микоплазмалар қоздыратын ауруларға шалдыққанда байқалады. Оның негізгі белгілері - өсімдіктер өсуі баяулауынан байқалатын ергежейлену және пішінінің өзгеруі, жапырақтың шамадан тыс сартаптануы. Күздік бидайдың қортық немесе ергежейлі қаракүйесін де гипо- плазияға жатқызуға болады. Бұл ауруға шалдыққан өсімдіктер шамадан тыс түптенетіндіктен бойы аласа келеді.

Хлороз – жұқпалы және жұқпайтын деп екі топқа бөлінеді. Егер оның себебі азот пен магнийдің жетіспеуі болса, онда алдымен төменгі жапырақтар сарғаяды, ал көпжылдық жеміс ағаштарында темір жетіспесе, ауру белгісі бұтақ ұшындағы жас жапырақтардан басталады. Инфекциясыз хлорозда жапырақтың сарғаюы мезофил- лде байқалып, жүйкелеріне тарамайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет