Дәріс №3 Тақырыбы: Өсімдік аурулары және олардың жіктелуі Мақсаты


Өсімдік ауруларының этиологиялық топтары



бет14/16
Дата06.01.2022
өлшемі36,93 Kb.
#14662
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

4.Өсімдік ауруларының этиологиялық топтары.


Туындау себептеріне байланысты өсімдік аурулары жұқпайтын немесе физиологиялық және жұқпалы немесе инфекциялы деген үлкен екі топқа бөлінеді. Қоздыратын микроағзаларға байланысты соңғылары микоздар немесе саңырауқұлақтар, бактериоздар – фитопатогенді бактериялар және вироздар – фитопатогенді вирустар әсерінен туындайтын аурулар тобына жіктеледі (1-сурет).



ҚАРАКҮЙЕ, ТАТ, ӨҢЕЗ, АҚ ҰНТАҚ, СОЛУ, ШІРУ ТЕҢБІЛДЕНУ, ІСІК, МУМИФИКАЦИЯ





ТЕҢБІЛДЕНУ, СОЛУ, СУЛЫ ШІРУ, ІСІК , КҮЙІК


АЛАПЕСТЕНУ, ХЛОРОЗДАНУ ДЕФОРМАЦИЯ, ГИПЕРПЛАЗИЯ

1-сурет. Өсімдіктердің жұқпалы ауруларын қоздыратын миқроағзалар және ауру белгілері.


Ауруға көбіне өсімдіктің белгілі бір мүшесі шалдығуы мүмкін, мәселен жапырақ немесе сабақ, масақ пен дән және басқа да жеміс түзетін мүшелер, тамыр немесе тамыр-жемістер. Инфекцияға өсімдіктің белгілі бір-екі мүшесі ғана шалдықса, оны жергілікті немесе шоғырланған ауру деп атайды. Кесел өсімдіктің өн-бойына қуалай таралып, барлық мүшелерін шарпитын болса, оны жүйелі немесе диффузиялы ауру дейді. Соңғысына астық дақылдарының қаракүйелері жатады. Инфекция тұқымда сақталып, ол себілгеннен кейін топырақта өне бастаған кезде ауру қоздыратын саңырауқұлақ споралары бірге өніп-өсіп, өскіндердің ұлпасына енеді. Өсімдік түптеніп-сабақтана бастаған кезде, оның мицелийі жаңадан түзіліп жатқан масақ нышандарын торлайды. Астық дақылдарының гүлдену немесе дән балауызданып пісе бастаған кезеңінде ауру белгілері толық байқалады. Олар масақтың өзекшесінен басқа бүкіл жыныс мүшелерін немесе дәнді толығымен қаракүйе тәріздес, споралар жиынтығынан тұратын қалташаларға немесе тозаңдарға айналдырып жібереді.

Диффузиялы немесе жүйелі таралатын ауруға екінші бір мысал ретінде арпаның жолақ гельминтоспориозын келтіруге болады. Оның инфекциясы көбінесе тұқымда сақталады, аурудың алғашқы белгілері тамыр және сабақтың төменгі буынаралықтарында, өніп шыққан жас өскіндердің жапырақтарында байқалады. Түптену кезеңінде ауру төменгі жапырақтарда, ал өсімдік сабақтанып, масақтанғанда жапырақтармен қатар, сабақты және оның буынаралықтарын, масақ пен дән қабыршақтарын шарпиды. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі кенжелейді, олар қоңырқай тартып, кейде масақтануға жетпей немесе дән салмай жойылып кетеді.

Вирустар қоздыратын көптеген аурулар да жүйелі таралады. Кеселге шалдыққан түйнектен өскен бүкіл картоп өсімдігі сартаптанып немесе жапырақтары бұйраланып, ширатылып, алапестеніп тұрады. Кейбір фитопатогенді бактериялар мен саңырауқұлақтар су және қоректік заттар тасымалдайтын түтікшелерді бітеп, трахео- микоз және трахеобактериоз ауруларын қоздырады, олар бөліп шығаратын токсиндер әсерінен өсімдіктер тез арада немесе созыл- малы солудан апат болады.

Келесі топқа созылмалы немесе инфекциясы жыл асқан сайын қордаланып, дамуы үдей беретін аурулар жатады. Бұған мысал ретінде көпжылдық жеміс ағаштарының, мәселен алманың цитос- пороз және қара ісік деп аталатын ауруларын келтіруге болады. Олар алдымен жеке бұташаларда байқалып, біртіндеп басқа бұталарға жайылып, 5-6 жылда жеміс ағашын толығымен апатқа ұшыратады. Жеміс-жидек дақылдары және көпжылдық шөптесін өсімдіктер де бір жерде қатарынан бірнеше жыл өсірілетіндіктен созылмалы ауруларға бейім келеді. Біраз ғалымдар инфекциясы топырақта сақталатын және егісте жыл сайын байқалатын астық дақылының тамыр шірігін де созылмалы ауруға жатқызады. Оның дамуы алғы дақылға, агротехникалық шараларға, егілетін сорт ерекшеліктеріне байланысты ауытқиды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет