Дәріс №3 Тақырыбы: Өсімдік аурулары және олардың жіктелуі Мақсаты



бет15/16
Дата06.01.2022
өлшемі36,93 Kb.
#14662
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

5.Өсімдік ауруларының зияндылығы


Дүниежүзін мекендеуші халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін өсімдік ауруларынан келетін шығынды төмендетудің маңызы өте зор. Ғалымдар неше түрлі аурулардан келетін орасан зор шығынға ерте кезден-ақ назар аударған. Мәселен, XIX ғасыр ортасында Батыс Еуропа елдерін жайлаған картоп фитофторозы негізінен онымен қоректенетін ирландықтарды ашаршылыққа душар етіп, бұл елдің мыңдаған тұрғындары аштықтың құрбаны болғаны, біразы шет елдерге еріксіз қоныс аударғаны тарихтан белгілі. Сол ғасырдың соңғы он жылдығында Оңтүстік-Шығыс Азияда кофе көп егілетін. Өкінішке орай тат ауруы эпифитотиясынан бұл дақылдың көптеген плантациялары жойылып кетті. Австралияда жалған ақ ұнтақ ауруы эпифитотиясынан темекі плантациялары құриды.

Өткен ғасырдың 70-ші жылдары жүгерінің оңтүстік гельмин- тоспориозы қоздырғышының (Helminthosporium maydis) жаңа нәсілі пайда болуына байланысты дақылдың көптеген будандары оған қатты шалдығып, АҚШ-тың Флорида штатында аурудан келген шығын мөлшері 36% жеткен. Ауруға шалдықпаған немесе қоздырғыштың осы нәсілінде берік сорттардың гектарға шаққандағы түсімділігі 10,2 тонна болса, ауру жайлаған егістерден 7,7 тонна өнім жиналыпты.

Өткен ғасырдың 40-50 жылдарына дейін бұрынғы Кеңес Ода- ғында астық дақылдарына қаракүйе ауруларынан келетін зиян жоғары болды. Олармен күресудің ғылыми негізделген шаралар жүйесі, әсіресе тұқымды себер алдында дәрілеу және тиімділігі жоғары препараттарды кеңінен өндірісте қолдану нәтижесінде соңғы кезде бұл аурулардан айтарлықтай зиян байқалмайды.

Қазақстан мен Ресейдің Батыс Сібір, Еділ жағалауы, Оңтүстік Орал және басқа аймақтарында тың және тыңайған жерлер игерілгеннен кейін жаздық бидай миллиондаған гектарда дара дақыл ретінде егіле бастады. Осыған байланысты егіс алқаптарында аса бір зиянды ауру – тамыр шірігі кең таралып, өткен ғасырдың 50-60 жылдары одан келетін шығын мөлшері 20-30% дейін жетті. Сонымен қатар, өндірілген дәннің сапасы, атап айтқанда ақуыз мөлшері, біраз төмендейтіні анықталды. 1980-1990 жылдары респу- бликаның солтүстік және солтүстік батыс аймақтарында жүргізілген зерттеу жұмыстары бұл ауру барлық егіс алқаптарында таралғанымен, одан келетін орташа шығын мөлшері 5-10%-дан аспайтынын көрсетті.

1964 жылы Солтүстік Қазақстанда болған сабақ татының эпифитотиясы кезінде Безенчукская 98, Жаңа-қызыл және т.б. сорттардың түсімділігі 50-60% дейін кемігені белгілі болды. 1991- 2010 жылдар аралығында, аталған аймақта қоңыр тат пен септориоз ауруларының эпифитотиясы 7 рет қайталанып, жаздық бидайдың түсімділігі 10-20% дейін төмендеді және дән сапасы да нашарлады.

Неміс ғалымы Шпаардың жариялаған мәліметтеріне қарағанда өткен ғасырдың соңына қарай дүниежүзі бойынша негізгі 8 азық- тық дақылдың зиянды ағзалардан келетін шығын мөлшері орта есеппен алғанда 42,1%, немесе 243,7 млрд. долларды құрапты, аурулардан келетін шығын 13,3% болып, 76,9 млрд. долларға жеткен екен. Негізгі азықтық дақыл бидай мен күрішті, арпа мен жүгеріні алсақ, фитопатогенді ағзалардан келетін шығын мөлшері 10,9-12,4% аралығында, ал картопта бұл көрсеткіш 16,3% жетеді екен. Шырынға бай жемістерді, картоп пен сәбіз, қызылша, басқа да көкөністерді сақтау кезінде де 20-30% өнім шіріп, ысырап болады.

Өсімдік ауруларынан келетін шығынды тікелей есептеп, нақты білуге болады немесе оның мөлшері арнайы тәжірибелер арқылы анықталады. Егер, кеселге өсімдіктердің өнім беретін мүшесі шалдықса, онда шығын аурудың таралу пайызына тең болады. Мәселен, қаракүйеге шалдыққан астық дақылдары масағында дән байланбайтындықтан, егісте ауруға шалдыққан масақтың саны қанша пайыз болса, өнім түсімі сонша пайызға кемиді. Тат, тамыр шірігі, ақ ұнтақ, т.б. ауруларға шалдыққан өсімдіктердің өнімі тұтас жойылмай, белгілі мөлшерде төмендейді. Олардан келетін шығын мөлшері арнайы зерттеулер немесе тәжірибелер жүргізу арқылы анықталады.

Көпшілік жағдайда өсімдік ауруларынан өнімнің түсімі төмен- деумен қатар сапасы да нашарлайды. Мәселен, соңғы жылдары республиканың оңтүстік-шығысындағы тау бөктерінде орналасқан бақтарда алма жемісі таз қотыр ауруына 90-100% дейін шалдығып, оның түсімімен қатар, сапасы да төмендеуде. Ауруға шалдыққан жемістер төменгі сұрыпқа жатқызылатындықтан, оның сату бағасы төмен. Тат, септориоз және басқа ауруға шалдыққан бидай егісінен орылған дәндердің технологиялық және биохимиялық қасиеттері нашарлайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет