Дәріс №3 Тақырыбы: Өсімдік аурулары және олардың жіктелуі Мақсаты



бет5/16
Дата06.01.2022
өлшемі36,93 Kb.
#14662
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
«Шайтан (мыстан) сыпырғышы». Қалталы және тат саңырау- құлақтары әсерінен сүректі жеміс ағаштарының негізгі бұталары- нан жанама бұташалар қаулап өседі. Соның салдарынан кейбір бұталардың сырт пішіні сыпыртқыға ұқсап кетеді. Көпжылдық шөптесін өсімдіктерде, мәселен жоңышқада кездесетін мұндай ауруды вирустар мен бактериялар қоздырады.

2.Физиологиялық және биохимиялық өзгерістер. Әр түрлі аурулар әсерінен өсімдіктер ұлпасындағы қалыпты физиологиялық үрдістер бұзылады. Оларды бірнеше топқа жіктеуге болады.


Өсімдіктердің тыныс алуының өзгеруі. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің тыныс алу екпінділігі артып, қор ретінде жинақта- латын органикалық заттар ысырапқа ұшырайды. Кейде ауру әсері- нен зәрлі заттар бөлініп жасушалар уланады. Тыныс алу кезінде бөлініп шығатын қуат өсімдік мүшелері мен ұлпаларын шамадан тыс қыздырады. Тыныс алу екпінділігі төмендеген жағдайда қорға жиналатын заттар күрт азайып, өнімнің түсімділігі кемиді және сапасы нашарлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет