Өсуі мен даму ерекшеліктері
Организмнің өсуі мен дамуын екі кезеңге бөлуге болады:эмбриональді және постэмбриональді.Солтүстік бұғыда ұрықтың пайда болуы 30 тәулікке созылады.Осы уақыт аралығында зиготадан ұрық пайда болып, одан кейін мүшелер дамиды.18 тәулік ішінде барлық органдар жүйесі, қан және жыныстық жүйе, қаңқа түзіледі.Ең соңғы болып бас сүйегі қалыптасады.
Ұрықтың дамуы 170-180 тәулікке созылады.Эмбрионда бас миы жетіліп, тыны салу, ас қорыту процестері жүре бастайды.Эмбрион салмағының өсуі күшейеді.
Эмбрионның массасы мен көлемінің өсуі солтүстік бұғыларды әрқалай болады.Орташа уақыты – 5 айлық кезден туылғанға дейін.
Солтүстік бұғылар ұрпақтарын туа сала сүтпен қоректендіреді.Анасын емізу 165-180 күнге созылады.Оны үш кезеңге бөледі.Бірінші кезең 40-45 күн.Бұл уақыт аралығында жас төл салмағы 2,5 есеге артады.Тәуліктік орташа өсімі-200 грамм. Жамбас сүйектері мен сирақтары жақсы дами бастайды.Екінші кезең 65-75 күнге созылады.Жас төл салмағы 2,5 есеге артады.Тәуліктік орташа өсім 400 граммды құрайды.Үшінші кезең 60-65 күнді құрайды.Төлдің салмағы 0,3-0,4 есеге артады, тәуліктік өсім 150-170 граммды құрайды.
Емізу кезіндемаралдардың жеке дамуы қарқынды жүреді: тундралық зонадағы марал бұзауларының тірі салмағы 50-60 кг, тайгалық зонада- 65-70кг-ға жетеді.Яғни, дене салмағы туылғаннан 8-10 есеге артады.
Физиологиялық жағынан аналықтары- 9-10 жаста, аталықтары- 6,5-7,5 жасында жетіледі.
Қартаю кезінде организмде зат алмасу тежеліп, сыртқы орта жағдайына бейімділігі төмендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |